ВЕРНУТЬСЯ

 
  «Өлмек парыз, - деп айтар, - тумақ сүндет», 
«Мойынға ораза, намаз, - дейді, - міндет».
Алымдар орындауды мәжбүр етер,
Адамға Мұхамбетке болған үмбет.
Егер де намаз палуан пасық 
шықса,
Олардан ыбырат алып жұрт не білмек ?
Мың ірәкәт намаздан артық деген,
Кісіге істеген бір ізет - үрмет.
Көрсетілген нұсқада әр түрлі іс,
Білмегің өз шаманды әбен дұрыс.
Жамандарға парықы білінбейді,
Арзан, қымбат бағасы, алтын мен мыс.
Алымдардың уағыз кітабында,
Тағдырға жазылған іс болады - мыс.
Деп айтқан мың реттік әжіліктен,
Артық деп халыққа қылған бір әділ іс.