ВЕРНУТЬСЯ

Мұхтар Шаханов1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылындадүниеге келген. Мамандығы тракторшы, филолог. 1969 жылы Шымкент педагогикалықинститутын сырттан оқып бітірген. КСРО ЖазушыларОдағының мүшесі (1969), КСРО Жазушылар Одағының пленум мүшесі (1978), «Жалын»альманахының (1984), «Жалын» журналының бас редакторы (1986), Қазақстанныңхалық жазушысы (1996), Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының хатшысы (1986),Республикадағы тұңғыш құрылған экологиялық қозғалыс - Арал және Балқашпроблемалары жөніндегі қоғамдық комитеттің төрағасы (1988), 1986 жылғыЖелтоқсан көтерілісі аясында қазақ халқына «ұлтшыл» деп кінә таққан КОКПОрталық комитеті Саяси Бюросының қаулысына қарсы және сол Желтоқсан кезіндегішындықты қалыптастыру жөнінде тұңғыш рет Қазақстан Жазушылар ОдағыныңПленумында (1988), КСРО халық депутаттарының І-ші съезінде (Кремль, 1989) батылмінез көрсетті. КСРО билігі бұған құлақ аспаған соң белгілі ғалым, Нобельсыйлығының лауреаты А.Сахаровтың, кейіннен Ресейдің тұңғыш Президенті болғанБ.Ельциннің қолдауымен бұл проблеманы КСРО Жоғарғы Кеңесінің біріншісессиясында екінші рет қайта көтеріп, КСРО Президенті М.Горбачевты Желтоқсаноқиғасын зерттеу және оған түбегейлі баға беру жөнінде жаңа комиссия құруғамәжбүрледі. Бұл комиссия КСРО билігі жүріп тұрған кездің өзінде-ақ КОКП Орталықкомитетінің Саяси Бюросына Одақта бірінші боп саяси айып тақты... М.Шаханов 1926жылы ислам дінінің қалдығы деген желеумен Кеңестер Одағының тоталитарлық жүйесітойлауға тыйым салған «Наурыз» мерекесінің 62 жылдан соң қайта салтанат құруынамұрындық болды (1988 ж.). 1989 жылы 22-қарашада Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі орысжәне қазақ тілдеріне бірдей мемлекеттік дәреже берген заңды қабылдап, тіптіоған дүркірете қол соғып қойғанда, екінші рет қайта шығып сөйлеп, депутаттардықазақ тілін жеке мемлекеттік тіл жасауға үндеді және қабылданған заңның үлкензардабы болатынын ескертті. М.Шаханов ұсынысы Президенттің қолдауымен дауысқақайта салынып қазақ тілі жекедара мемлекеттік мәртебе иеленді. Ақын соңғыжылдары «үш тұғырлы тілге» де, тікелей қазақ халқын және республикадағы азұлттарды тікелей жоюға алып баратын, бастауын «американдық ұлттан» алатын«қазақстандық ұлтқа» да батыл қарсылық танытып келеді. М.Шаханов1989-91 жылдар аралығында КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі,1990-93 жылдары - республика Жоғарғы Кеңесінің, 2004-2007 жылдары ҚазақстанРеспубликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. 1992 жылыМ.Шаханов Олжас Сүлейменовпен бірлесіп «Халық конгресі» партиясын құрды. Бірақекі тілде тәрбиеленген екі тұлға арасында ұлттық мүдде мен космополиттік ағымжүйелі көзқарас таба алмағандықтан партия ұзақ ғұмыр кеше алмады. 1993-2003жылдар аралығында М.Шаханов Қазақстан Республикасының Қырғыз РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі болды. 2001 жылдан «ХХІ ғасыр және Руханият» аттыхалықаралық элита клубының президенті, 2004 жылдан «Мемлекеттік тіл» қоғамдыққозғалысының төрағасы, 2010 жылдан «Тәуелсіздікті қорғау» атты 50-ден астамқоғамдық ұйымдардың, партиялардың, баспасөз орындарының басын қосатынхалықтық-демократиялық қозғалыстың төрағасы және республикалық «Жалын»журналының Бас редакторы. М.Шахановтың«Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделікқұпиясы) атты романдары ЮНЕСКО шеңберінде қаралып, әлемдік деңгейде қызупікірталас тудырды. Оның шығармалары дүниежүзінің 50-ден астам тілдерінеаударылды. Автордың Ш.Айтматовпен бірлесіп жазылған «Құз басындағы аңшыныңзары» атты кітабы мен «Сократты ескеру түні» атты драмасы да бірнеше елдіңкітап дүкендерінен, сахналарынан орын тепті. Ақын өз елініңмемлекеттік дәрежедегі сыйлықтарынан, «Халық қаһарманы» атағынан, орден,медалдарынан жүйелі түрде бас тартты. Ол оны былай түсіндіреді. «Отан біздің еңүлкен анамыз. Әркім өз анасына еткен қызметі үшін жылу дәметпеуі керек. Отан даөзінің дараланған перзенттерін марапаттап отыруы шарт. Бірақ ол өте әділеттітүрде шешім табуы тиіс. Қазір елімізде кез-келген заңдастырылған немесезаңдастырылмаған ұрылардың ең кемі екі орден, үш медалі бар. Солардың қатарындаболғым келмейді. Ал шет мемлекеттер ұсынған сыйлықтарды алатын себебім, елперзентіне көрсетілген, есепке құрылмаған риясыз құрмет сәл де болсареспубликамыздың рухани мәртебесін өсіреді». Мұхтар Шаханов- «Қырғыз Республикасының халық ақыны», жиырмадан астам шет елдікакадемиялардың, университеттердің құрметті докторы, профессоры. Біріккен ҰлттарҰйымының Қоршаған Орта Бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және БүкілодақтықЛенин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметіүшін» халықаралық сыйлығының, Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», Түрікдүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубысыйлықтарының, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр мемлекеттері тағайындаған«Түрік әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» атағының иегері. 2002 жылыМ.Шахановқа «Жазагер жады космоформуласы» атты шығармасы үшін Калифорния Ғылым,Индустрия, Білім және Өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы Алтын медалі мен ТүркияныңГебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атағыберілді. «Нобель» сыйлығының 100 жылдығына орай Тамбов қаласында өткен «Нобель»сыйлығы лауреаттары мен нобелшілердің халықаралық конгресінде «Нобель» ақпараторталығы, «Нобель» қоры, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясы бірлесіп бекіткен«Нобельдің Алтын медалімен» марапатталды.

Мұхтар