ВЕРНУТЬСЯ

       Өзімізше шетімізден дейміз-ау,

Тұлғамызға
теңеседі қандай құз?!

"Бала" десе,

"шала шығар..." дейміз-ау,

Демесек те, ішімізден ойлаймыз.

Райхан гүлді өзім
теріп қырларда,

Шалқар көлде
шомылғандай сезіндім.

Жаңа бидай сапырғандай қырманда...

Көріністер
көріп жүрген кезім мың!

Қойсайшы бұл
әдет деген пәлені:

Мініңді іздеп, мен де әуре болыппын.

Әдеміні деу керек қой әдемі,

Көріктіні
деу керек қой көрікті!

Өзімізше шетімізден дейміз-ау,

Тұлғамызға
теңеседі қандай құз?!

"Бала" десе,

"шала шығар..." дейміз-ау,

Демесек те,

ішімізден ойлаймыз.

Жақсылығын ең алдымен көре біл,

Жамандығын
ең алдымен іздеме.

Ізгілік қой адамдарға керегі,

Өзің де ойла:

қалдырасың бізге не?