ВЕРНУТЬСЯ

Қандай қымбат

       Өтермін... қанша жүрем...- ұзамаспын,

Ажалдың тас құрсауын
бұза алмаспын.

Ойласаң қысқа өмірдің
қызығы аз ба -

Мен өзім сондай оймен ырзаластым.

Тірліктің тынысынан елтимін де,

Ақындық шабытынан қыза маспын.

Өрнектеп көкейдегі ой мен сөзді,

Шырқаймын қиянына құз-жартастың...

Қадірін уақыттың кім біледі?

Жасында кімдер оған ділгір еді?

Секундтің сыртылы енді бір ғұмырдай,

Сағаттың қандай қымбат күмбірлеуі?!

Жан сырымды көрінгенге шертем бе

           Жан сырымды көрінгенге шертем бе,

Көзім салман серісымақ селтеңге.

Осыншама өрттен қалған Еменмін.

Түбірінен қайта қаулап өртеңде.

Кіл тәттіден тұрса
егер сыбағам,

Мен тағдырдан ұзақ
ғұмыр сұраман.

Кіл ащыдан тұрса
егер сыбағам,

Жылдарымды қиқымдардан құраман.

Сыбағама қарық қылған өлкемде,

Тірлік - теңіз,

Жел толтырып желкенге,

Тартып келем, тағдырымнан тайынбай,

Тартып келем талайлырақ Ертеңге.

Үлесіме қарық қылған өлкемде

Үмітіме жарық құйған
Ертеңге

Өз бағаңды өзің біл

      Өз бағамды

сұрамаймын
өзгеден,

Ердің құнын
өлшейтін кім сөзбенен?!

Өз бағамды сұрамаймын өзгеден,

Ер салмағын безбендер кім көзбенен?!

Сұрасам да
кемеңгер мен батырдан,

Қадырымды сұрамаймын
өзгеден,

Ел алдында өз орынын парықтап

Күйкі пенде көңілімен сезбеген...

 

Түс

        Түсіне қомағайдың ет кіреді.

Түсінде қыран бүркіт көк тіледі.

Түсінде
орманшының тоғай түлеп,

Ұстаздың
қанаттанар көп түлегі...

Түсімде Ай келіндей иіледі,

Көзімді Жерұйығым
үйіреді.

Алдында Адамзаттың өлең оқып,

Аялап құшып
жүрем Дүниені!

Естеліктер

       Естеліктер - жыртылмайтын кітаптай,

Сынбайтұғын
бұтақтай,

Естеліктің гүлі қурап солмайды,

Бояуы да оңбайды.

Естеліктің семген емес құрағы,

Жұпары аңқып
тұрады.

Естеліктің қусырылмас кеңдігі,

Лайланбайды мөлдірі.

Естеліктің тесілмейді кемесі,

Шірімейді шегесі.

Естелікті өршілдікке бейім де,

Сүйремейді кейінге.

Естеліксіз өспек емес бүгінгім,

Ол - өшпейтін бұрынғым.

Страницы