ВЕРНУТЬСЯ

Жеңе алам ба?

      Қарақан басымды емес,

Елімді ойлап,

Ерленіп егескенде кегім қайнап,

Дүшпанды
жайпаушы едім оңды-солды,

Жолымда жатушы еді жауым жайрап...

Жолықты ажал мыстан сол алаңда,

Қапыда тағы түстім зобалаңға.

Бұл жолы
өзім үшін жұлқысам-ау,

Тойтитып тойымсызды жеңе алам ба?!

Үндемейді неге анау Қаратас?

-        Дүниеге кеткен
еркін, кең сыйып

Ана бір тас

неге жатыр мелшиіп?

-        Ол өкпелі.

Here десең, аты жоқ.

Ішінде оның өкініш пен қапы көп.

Болмағанда, болмағанда өкпелі,

Оның бізге айтары да көп тегі.

Тауып қойсаң, ол тасқа сен бір атты,

Сөйлеп кетер,

сайрап кетер сияқты.

Аты жоқтар кіммін дейді, не дейді,

Содан ләм-мим,

содан ләм-мим демейді.

Кеп өлермен өзеурейді-ау сорына,

Қарамайды-ау қасиеті жоғына...

Дон-Кихотқа көзқарас

     Дон-Кихотты кім десең де өз еркің...

Ал меніңше керек лайық сөздер тың,

He десең де, Дон-Кихоттар қолында

Дүниеге көзқарасты
өзгерту!

Дон-Кихоттар бұлталақсыз
бұрыннан

Мәселені қойған шұғыл, қырынан.

Қиналысқа түссе егер көпшілік,

Қиқулап-ақ жеткен солар қырымнан.

Онда мен он бес жастан жаңа астым ба?!

Жасымнан жақсылармен жанастым да.

Қаңтарда қалғысам да қар астыңда,

Қалғам жоқ
бастырылып тау астында,

Ағынға қарсы жүздім қарым созып,

Тасқынмен тегеурінді таластым да.

Қылышсыз қиып түсер қайран қырық

      Қылышсыз қиып түсер қайран қырық!

Өкінбес жай түссе де, ойран қылып.

Түссе де аспан құлап
төбесінен.

Жалпыны желпіндірер жайраң күліп.

Сүйсініп сары аязда сайран құрып,

Аязда түшкірмейтін айлап жүріп.

Қызуы домна пештей қайран қырық!

Қалтқысыз адам ішін аңдыған кез

Қояды қалай танып, қайдан біліп?!

Ауырдан тартынуды ағат көріп,

Қолдайтын қанатсызға қанат болып.

Қырықтың дәрмені мол, дәурені бал,

Қырықты алдан тосар санат-көрік.

Алпыстың ауласынан тітіркенем,

Страницы