ВЕРНУТЬСЯ

Күн бата ма

       Күн батады,- дейді-ау жұрт,- ұясына,

Ондай ұя
әсте жоқ туасы да.

Інге кіріп, ұйқыға
шомбайды күн,

Күн самғайды заңғардың қиясында.

Күн бата ма?

Күн батса, не болады?

"Күн батты"- деу білместің жорамалы.

Күн тек қана көзіңнен тасаланып,

Көкжиекке зырлайды одан әрі...

Мейіріммен жылытса жаңа бізді -

Қарт атаны, жас сәби, анамызды,

Бірте-бірте аунайды батыс бетке,

Жалғастырып араймен арамызды.

Күн батпайды, ешқашан күн батпайды,

Күн батса егер, қайтадан үн қатпайды.

Мойындау

     "Аз ата" деп сөкпегін,

ағайыным көп менің...

Күйбеңдемес күні үшін

күрескердің бәрі де -

жастары да, кәрі де -

бәрі менің туысым.

"Аз ата" деп сөкпегін,

Ағайыным көп менің!

Ауа баспас пұл
үшін

Адалдардың бәрі де -

жастары да, кәрі де -

бәрі менің туысым.

"Аз ата" деп сөкпегін,

Ағайыным көп менің!

Ғарыштың да қуысын,

тарихтың да тынысын

оймен шарлап, сыр түйген

ғалымдар да туысым...

"Аз ата" деп сөкпегін,

ағайыным көп менің...

Бар қазақ балаларын қалай баққан?

         Осы жұрт неге айтады пайда еместі,

Қымбат қой көнермейтін қайран ескі!

Бесікте көзін ашқан күйкі
болса,

Кәдімгі Қажымұқан қайдан есті?!

Тал бесік - жан жайлауы жас балаға,

Арба да, мамық төсек, баспана да.

Кіршіксіз, әрі ыңғайлы,
әрі жылы,

Байқаусыз жел тиер деп жасқана ма?!

Мінажат

      Тұманынан шаңқан
күні көп Дүние!

Сараңдығынан
дархандығы көп Дүние!

Иттігінен игілігі
көп Дүние!

Күйігінен сүйгілігі көп Дүние!

Мен қадырыңды аз біліппін,

Білместіктен жазғырыппын...

Кешір! Кешір аңқауыңды!

Шарлағам жоқ бар тауыңды,

Түгел сүзіп орманыңды.

Өтпедім бар жолдарыңды...

Страницы