ВЕРНУТЬСЯ

Әуейілер әулеті

      -        Құрманғазы көзінше сен күй шертпе!

-        Карповтарды
шахмат ойнап, үйретпе!

-        Әуезовке әу
дей көрме сөз жайлы... -

Бізге уағыз соғасың-ау сөйдеп те...

Біз шіркінге бұйырмаған
даналық,

Сен соңда да құлақ
түрші бір кепке:

Көзсіздер
бар кемелді де үйреткен,

Үйреншікті қалыптарды күйреткен.

Түсіңде де су көрмеген түздердің

Теңіз сыйлап,

шөлін басқан біздей кім?!

Бір-бір бұлақ
тартқан да біз әр үйге...

Ғажайыптар жасаушы біз, әрине!

Ұқсастық

      Мен мектеп
қоңырауындай ұқыптымын:

Шарқ ұрам, келеді
істің күтіп күнін.

Ей, ақын!

Сен де ұстазсың,
борышың мол,

Өмірдің оқырманға тоқыт жырын.

Мектептің қоңырауындай сергектігім:

Heгe ол
кежірлерге бермек тыным?!

Оятам қалғығанды, мүлгігенді,

Жайбасар самарқаудың тергеп жүгін.

Мектептің қоңырауындай елеңдерім,

Орынды аландауым, елеңдеуім:

Сыңғырлы келісіммен жас буынға

Нұсқасын
білім төрін, өнер көгін...

Туыс тілек

      Білетін сыйлата да, сыйласа да

Ақжарқын жақсы жеңге, қимас аға!

Армандай күттік қанша осы күнді,

Күтті оны бізбен бірге бұл босаға!

Қуаныш қорыққанмен шыны бірдей:

Жүрдік пе шын қуаныш сырын білмей?!

"Тіфа!" деп айтайыншы, кез тимесін,

Қарашы келін гүлдей, ұлың дүрдей.

Мүбәрәк
көп тілеуін қайталайын,

Тағдыры ұзағынан
сүйіндіргей.

Екі жас бақыт құшсын
ғүмыр бойы

Тап осы той күнгідей, бүгінгідей.

"Келіннің,- депті қазақ,- аяғынан",

Бұ сөзге
нанады қарт, нанады ұлан.

Қарамашы пұлыңның азына, аға

         Қарамашы пұлыңның
азына, аға.

Құтқармайды
өлімнен қазына да.

Жылы сөзді
достардан жиі естімей,

Сыздап жүрген жүрегің жазыла ма?!

Жүр, достарды аралап бір шығайық,

Қарсы болма, ағатай, базынама.

Хаттар

     Хат - алаңқай,

адамдар жолығысар,

Бірін-бірі

құттықтап,
қолын қысар.

Хат та - майдан,

пікірлер шайқасатын

Өмір күшін байыптап байқасатын.

Хат жазба, дос,

жан-жүрек тебіренбей,

Қуант бізді

өз төбең
көрінгендей.

Хат жаз, қуант, жұмаққа шақырғандай

Көңілдерге алтын таң атырғандай.

Хат - бүгіштің
елгезек көгершіні,

Хат - ертеңнің шүбәсіз сенер шыны.

Страницы