ВЕРНУТЬСЯ

Тал кестім...

         Тал кестім, алайын деп таяқ жонып,

Таяқ тал себі тиер, аяқ болып.

Ойдың бір үзігіндей әлгі таяқ,

Аршыдым, күрең түске алдым бояп.

Өмірім, өксітпесін зая кетіп,

Келемін кемел ойды таяқ етіп.

Бастай алмай дағдарсаң өмір кешін,

Астан-кестен бұзылса көңіп қошың.

Аямайды ақылын осындайда

Тірі досың түгілі, өлі досың.

Қиналғанда досыңнан, ақыл сұра,

Жан досыңнан кімің бар жақын, сірә?!

Өзім білем дейтіндер опық жегіш,

Өзің қалай - шындыққа жақынсың ба?!

Өзімізше шетімізден дейміз-ау

       Өзімізше шетімізден дейміз-ау,

Тұлғамызға
теңеседі қандай құз?!

"Бала" десе,

"шала шығар..." дейміз-ау,

Демесек те, ішімізден ойлаймыз.

Райхан гүлді өзім
теріп қырларда,

Шалқар көлде
шомылғандай сезіндім.

Жаңа бидай сапырғандай қырманда...

Көріністер
көріп жүрген кезім мың!

Қойсайшы бұл
әдет деген пәлені:

Мініңді іздеп, мен де әуре болыппын.

Әдеміні деу керек қой әдемі,

Көріктіні
деу керек қой көрікті!

Өзімізше шетімізден дейміз-ау,

Өкпелеме

        "Түрсіз ғой" деп, түсіне

тыжырынба, ардақтым!

Сұр
шинелдің ішінде

Жүрегі бар солдаттың.

"Өңсіз ғой" деп,

түсіне

өкпелеме, ақылдым!

Бөз көйлектің ішінде

Жүрегі бар батырдың.

Бор жаққандай шашына

өкпелеме, ақылдым

Табары бар асылдан

Мынау ақбас ақынның.

Мінбеден түстің, кібіртік басып

       Мінбеден түстің, кібіртік басып,

Күмілжи толқып, беттедің залға.

Алабұртасың,
дегбірің қашып...

Сөзіңде құйттай
ағаттық бар ма?

Дауылдай оқыс сапырып бердің,

Қопардың сырын шытырман жәйттің...

Мінбеден неге өкініп келдің?

Әділін айттың - әдемі айттың?

Страницы