ВЕРНУТЬСЯ

Сәбит Дөнентайұлы 1894 жылы бұрынғы Семейгуберниясы, Кереку уезі, Ақсу облысының төртінші ауылында (қазіргі Павлодароблысы, Ақсу ауданы, Құркөл ауылында) туған. Алғашқы білімді ел арасында Дөнен молдаатанған, мұсылманша сауатты болған әкесінен алады. Анасынан жеті жасында жетімқалған Сәбит әке тәлім-тәрбиесінде болады. әкесі ауыл молдасынан хат танытып,білім алу жолын нұсқайды. 1907-1908 жылдары Маралдыдағы болыстық медреседеТроицкідегі Уазифа медресесін бітірген Нұрғали молдадан білімін ұштайды.Жәдитше оқытуды ұстанған Нұрғали молда Сәбиттің түрлі пәндерді (тарих,жаратылыстану) игеруіне, көркем әдебиеттермен танысуына ықпал етеді. Болыстықмектепті аяқтаған соң 1910-1911 жылдары Павлодарға жақын жердегі Мұхамедсадықмедресесінде оқиды. Білімін жетілдіре жүріп әрі сол медреседе екі жылдай төтеоқумен бала оқытады. 1912 жылы Павлодар қаласының жанындағы Қасым қажыЕртіспаевтың медресесінде ғылым-білімін тереңдетеді. Жәдитше білім алып,өзіндік ізденістерге бет бұрады. Қазақ, татар тілдеріндегі газет-журналдардыоқып («Айқап», «Қазақ», «Шора», «Уақыт»), көркем әдебиет үлгілерімен танысады.Қолы бос уақытында Павлодар қаласына барып орысша да оқиды. Оқу-білімге,ақындық өнерге деген ынта-жігері артып, ұлттық сөз өнерінің асыл үлгілерінен,Абай мұрасынан нәр алады. Шығыс, орыс-татар классикалық әдебиетініңшығармаларымен танысады. Ақындық танымы, эстетикалық талғамы ұшталып, алғашқыөлеңдерін жазады. Шығармалары «Айқап», «Қазақ» басылымдарында жарияланады. 1915жылы С.Дөнентайұлының Уфа қаласында Қасым қажы Ертіспаевтың қаржылай көмегімен«Уақ-түйек» атты өлең жинағы жарық көреді.Ақын 1926 жылы 26мамырда «Қазақ тілі» газетітілшілерінің слетіне қатысып, «Ауыл тілшілері және олардың алдағы міндеті»деген тақырыпта баяндама жасайды. 1929 жылы ҚазАПП ұйымына мүше болыпқабылданып, Қазақстан жазушылар ұйымының Семейдегі облыстық бөлімшесінебасшылық етеді. Денсаулығының нашарлауына байланысты 1930 жылдың мамырындагазеттен қол үзіп, Бесқарағай аулының орталығы Беген ауылында мұғалімдікқызметке кіріседі. 1931 жылы Семей қаласына қайта келіп, «Қазақ тілі» - «Жаңаауыл» газетінде қызмет атқарады.Сәбит Дөнентайұлы 1933 жылы 23 жылы Семейқаласында ауырып қайтыс болды. 

Сәбит