Уай, жаным,
дүниеде сен аз күн онақ,
дүниеде сен аз күн онақ,
Заман жоқ, көп
тұруға, өмір шолақ.
тұруға, өмір шолақ.
Жас өмір екі айналмас,
мойын бұрмас,
мойын бұрмас,
Жұмыс ет оқтай
зырлап, қардай борап.
зырлап, қардай борап.
Көп жүрген қара
жолмен қадам бассаң,
жолмен қадам бассаң,
Кім саған зорлық
етер талап-тонап.
етер талап-тонап.
Отқа күй, оққа
байлан, адалды тап,
байлан, адалды тап,
Киген тәж, мінген
тағың болсын сол-ақ.
тағың болсын сол-ақ.
Күнің бұл іс
ететін орның осы,
ететін орның осы,
Мұнда бақ, мұнда
дәклет, мұнда зор ат...
дәклет, мұнда зор ат...
Қорқасың, аяқ
басып аттамайсың,
басып аттамайсың,
Алғасын
алды-артыңды жылан орап.
алды-артыңды жылан орап.
Орынсыз орға
түссең, көпен бірсің,
түссең, көпен бірсің,
Тіл алсаң, тек
жатпауың деймін жол-ақ.
жатпауың деймін жол-ақ.
- 87 просмотров