ВЕРНУТЬСЯ

      Сен әлі серіксіз бе едің,

Серіксіз бе едің,

Құрбыжан?

Өтіпті-ау айлар, еріксіз жылдар жылжыған.

Жападан-жалғыз,

Жауатын күндей тұнжырап,

Жүресің, құрбым,

He істеймін саған?

Қынжылам.

Жаңа
жарылған,

Жауқазын едің көктемде

Жылысып жазың өткен бе?

Лапылдап тұрған,

Жалын едің ғой өрт-кеуде,

Тәйір алғырлар,

Танымай сені кеткен бе?!

Өмірде мына,

Тап болар талай тосын жай,

Өмір - өмір ғой,

Өмірдің заңы осындай.

Бірі -Батыста,

Бірі -Шығыста,

Жарқ етіп, сөнген жасындай,

Өтуі мүмкін, жақсы мен жақсы қосылмай.