ВЕРНУТЬСЯ

"Өткен дәуір әдебиетінің белді өкілінің бірі - Шал. Ол -негізінен бұқара халық идеясын жырлап, өмір қайшылықтарын көре білген, еңбекшіхалық ортасынан шыққан, ауыз әдебиеті үлгісін ұстанған суырып салма ақын.Шығармалары баспа бетін кейінірек көрінгендіктен, ақын шығармашылығы ұзақжылдар бойы зерттеусіз қалып, тек кейінгі жылдарда ғана ақындар назарынаударып, ақын әдебиет тарихынан берік орын алады. Сөйтсе де, Шал туралы үзік -жұлық пікірлер өткен ғасыр әдебиетшілері еңбектерінде де ұшыраспайды емес.Мысалы, Шал туралы алғаш Шоқанның хабарлары мәлім.Шоқан Уәлиханов өзінің еңбегінде Атығай руының БейімбетіненШал деген ақын шыққанын ескертеді. Шоқан өз елінің тарихи шындығын көтеріп, өзруының өткенінен сөз қозғаған эпик жыраулардың бірінен санайды.{mospagebreak} Кейінірек Қазақстан Ғылым академиясының әдебиет және өнеринституты қорына ақынның тағы бір топ өлеңдерінің біз 1962 жылы шыққан«XVIII  - XIX ғасыр ақындарының шығармалары» жинағында тұңғыш жарияланды. Шал қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Қазан ауданы,Қаратал ауылында туып өскен. Әкесі Құлеке, ағасы Байжігіт (Әрі батыр, әрі би) -сол кездегі жорықтарға қатынасқан белгілі адамдар. Шалдың шын аты - Тілеуке.Өзінің жастай үлкендерше сөйлеп, төрде отырып төрелік айтқан мінезіне қарайжұрт оны Шал деп атап кеткен. Оның сүйегі Есіл өзені бойындағы Қаратал дегенжердегі зиратқа қойылған.Шал өлең шығарып айтумен ерте айналысқан. Жасынан сөзгеүйір, тілге ділмар, ойлы жас болып көзге түскен. Ел арасы ақындарымен іліс -қағыс айтыстарға да қатысып жүрген.  Шалдың жас кезінде айтқан суырып салма өлеңдерімен тұрыпаралап жүрген ханды көріп, оның мал-жандылығын бетіне басады. Батыл сөздерайтады.Шал ақынның шығармаларына тек соңғы кезде ғана көңіл бөліне бастады. Олкезінде өте белгілі ақындардың бірі болған. Шал кейбір зорлықшыларды ғана сынап қойған ақын емес, соғанқоса, кәрі - жас, жарлы бай демей, олардан жамандық көрсе түгел шаруасын,кәсібін түгел қамтуға тырысқан.Шал ақынның қазір бізге мәлім өлеңдерін оқыған әрбір адамоның адамгершілік идеясын көтеріп, әділ істі, ізгі ниетті жақтаған шыншыл ақынболғанына күмәнданбайды."

Шал