ВЕРНУТЬСЯ

" Махамбет рухында жыр толғап, азатшылдар көтерілісіне үнқосқан, халықтың қайнаған шерін өңмен шерткен өткір тілді ерен жүйріктің бірі –Шернияз.Шернияз Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жарыпшыққан бойынмекендеген кете елінен. Арғы атасы Байтілеу ауқатты болса да, өз әкесі шағындәулетті, еті тірі ел ағасы болған.Шернияз жас шағынан ел өмірін, халықтұрмысын жақсы біліп, олардың мұң – мұқтажын жете түсінген. Ақын көтерілісбасталысымен бірден Орда жағына өтіп, Исатай мен Махамбетті өзі іздеп барыпқосылады. 1836 жылы Шернияз Бөкей хандығына келіп, Исатайға жолығады. Ұзамайоның ең жақын достарының бірі болып алады.  {mospagebreak}Көтеріліс күшпен басылғаннан кейін Шернияз Махамбетпен біргеЖайықтың шығыс бетіне өтіп, ел аралап үгіт жүргізеді. Махамбетеке еріп, Хиуағада барады, бірақ көтерілісті қайтадан бастай алмайды, қуғын азабын тартады,Баймағамбеттің ел көзген жендеттері Шернияздың барарға жерін, басарға тауынқалдырмайды.  Ұсталатынына көзі жеткенақын өзі ақынға келіп, өнер асырып, оның кешірімін қабылдайды. Бірақ ол ешқашанөзінің Исатайдың Шерниязы екенін жасырмай, басына түскен жағдайға сай, сақтанажүріп қызмет етеді. Жұмбақтар шығарып , бүкпелей сөйлейді. «Махамбет батырдыңШернияз шешенге айтқан жұмбағы» 1925 жылы басылады. Баймағамбет Шерниязды өз сынынан өткізеді. СүйінбекұлыОразғалидың айтуынша, Шернияз 15 жасар шамасынан  - ақ кішкене ділмар шері атанады. Сол он бесшамасында Шернияз адайдың атақты ақыны домбырашы Абылмен кездеседі. Абыл кішіжүз елін аралап жүріп, кете еліне келеді. Кейбір деректерге қарағанда, Шернияз1817 жылы туып, 1881 жылы қайтыс болған. Ол Исатай Тайманов бастаған Кіші жүзқазақтарының көтерілісіне қатысқан. Исатай қазаға ұшырап, көтеріліскеқатысқандар жазаға тартыла бастағаннан кейін, Шернияз Баймағамбет сұлтанныңқудалауына түседі. Бас сауғалап лажсыздан Баймағамбетке бағынышты болып, онымен татуласса да, Исатаймен жолдасболған кезін аңсауын, қуғында жүрген  Махамбетақынмен кездесуін қоймаса керек.Қазақ әдебиетінде Шернияздың әкелген біржаңалығы ертеден келе жатқан импровизация өнерін кемелдендіре, жетілдіре түсіп,оны өзіне қарсыласушылардың мін – кемістіктерін, оғаш мінездерін көрсетуге, әжуаетуге шебер пайдалануында демекпіз.Бұған үлгі ретінде, Шернияздың Баймағамбеттөремен кездескендігі айтқандарын атаса жеткілікті. Сонымен бірге Шернияз он бірбуынды қара өлеңді де кең қолданады. Шерниздың өлеңдері, көбінесе, ауызшатараған, шығармалары 1925 жылдан бері әр кезде жарияланып келді."

Шернияз