ВЕРНУТЬСЯ

 
  Тоғай, тоғай,
тоғай су, 
Тоғай қондым,
өкінбен.
Толғамалы ала
балта қолға алып,
Топ бастадым,
өкінбен.
Тобыршығы биік
жай салып,
Дұспан аттым,
өкінбен.
Тоғынды сарты
нар жегіп,
Көш түзедім,
өкінбен.
Ту құйрығы бір тұтам
Тұлпар міндім,
өкінбен.
Туған айдай нұрланып,
Дулыға кидім,
өкінбен.
Зерлі орындық
үстінде,
Ал шымылдық
ішінде
Тұлымшағын
төгілтіп,
Ару сүйдім,
өкінбен.
Бүгін, соңды
өкінбен,
Өкінбестей
болғанмын.
Ер Мамайдың
алдында
Шаһид кештім, өкінбен!..