ВЕРНУТЬСЯ

     Алақ-жұлақ қарайсың,

Темір тордың ішінен.

Тұр алдыңда талай «сын».

Халің мүшкіл, түсінем.

Келіп жатыр көруге,

Халық деген ағылып.

Таяу тұрсың өлуге,

Джунглиді сағынып.

Кеудеңе анау өрт толып,

Кемсеңдейсің ақырын.

Екі көзің төрт болып,

Отырсың ба, батырым?

Шыға келдің бір сәтте,

Танымастай өзгеріп.

Енді қолға ұстап көр

Шыдамсыздық безбенін.

Жасын сүрттің көзіңнің,

Бар «қайғыңды» ұмытып.

Маймыл үшін сезімнің

Жоқ екен ғой құны түк.

Бір құлқың жоқ ұнаған,

Мәз боласың несіне.

Өзіңе ұқсас бір адам,

Түсті менің есіме.