13-15 маусым күндері желдің күшейетіні жөнінде ескерту жарияланды - БҚО ТЖД

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 13-15 маусым күндері Орал қаласы мен облыстың кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Сондай-ақ солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетуі ықтимал. Осыған байланысты БҚО Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялап, оқыс оқиғалардың алдын алу бағытында жұмыстар атқаруда.

Айта кетейік, Орал қаласында кеше қатты жел тұрып, жаңбыр жауды. Соның салдарынан теректер құлаған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз