"Мұз айдыны спорт сарайы"

Основная информация
Мекенжайы: 
Орал қаласы, Еуразия даңғылы, 236 үй
Телефон: 
54-32-39, 54-37-42, 54-35-27

Мұз айдыны спорт Сарайы Орал қаласында 2001 жылдың қараша айында қолданысқа беріліп,оның негізінде «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі – Мұз айдыны спорт Сарайы» МКҚК құрылды.

Мұз айдыны спорт Сарайы қолданысқа берілген күннен бастап мектептің басшысы қызметін ҚР қадірлі спорт қайраткері – Жалмұрзиев Есқабыл Әбілшақұлы атқарып келеді.

Материалдық-техникалық базасы қазіргі заман талаптарына сай қамтамасыз етілген: мұз айдыны 60 х 30 м., отыру орындары -1300, жаттықтыру залы,хореография сабақтарына арналған жалпы физикалық дайындық залы, спорт алаңы, мини-футбол алаңы, сауна, массаж кабинеті, киім ілетін бөлме, душ бөлмесі, медициналық пункт бар.

Мектептің негізгі бағыттарының бірі – Батыс Қазақстан облысында қысқы спорт түрлерін дамытып,насихаттау.БЖСМ-Мұз айдыны спорт Сарайы балалар мен жасөспірімдерге спорттан қосымша білім беру қызметі аясында мемлекеттік лицензиясы бар.

Бүгінгі күні спорт мектебі базасында спорттың 3 түрі: шорт-трек,конькимен мәнерлеп сырғанау,ауыр атлетика бөлімдері бар.Аталған спорт түрлерімен 300 адам айналысады,балалар 21 топта жаттығады. Оқу-жаттығу сабақтарын 9 білікті жаттықтырушы – оқытушылар мен 1 хореограф жүргізеді.

Бастауыш дайындық топтарына балалар:

  • Конькимен мәнерлеп сырғанау бойынша 5-6 жастан;
  • Шорт-трек бойынша 8-9 жастан;
  • Ауыр атлетика бойынша 10-12 жастан бастап қабылданады.

Мұз айдыны спорт Сарайы – мұздағы және басқа да спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізетін Батыс Қазақстан облысындағы ең үздік спорттық база болып табылады.Әлем кубогі,чемпионаты, халықаралық турнирлер және Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумақтарының форумы өтті.

Жұмыс жылдары шеңберінде мектеп 9 халықаралық деңгейдегі спорт шеберлерін, 32 Қазақстан Республикасының спорт шеберлерін,100-ден астам спорт шебері кандидаттарын және жоғары дәрежелі спортшыларды тағайындады.

Мектебіміздің тәрбиеленушілері бірнеше халықаралық және республикалық жарыстарда жеңізпаздар болып,жүлделі орындар алып жүр,оның айқын дәлелі жылдың ең басты маңызды оқиғасының бірі – Астана қаласында өткен VIІ қысқы Азия ойындарының ерлер және әйелдер эстафетасында ҚР-ң құрама командасы сапында  өнер көрсетіп, қола медальдар алған спортшыларымыз:Нұрберген Жұмағазиевке,Айдар Бекжановқа,Абзал Ажғалиевке,Артур Сұлтанғалиевке,Инна Симоноваға,Ксения Мотоваға «халықаралық спорт шеберлері» атағы берілді.

Шорт-трек бойынша ұлттық құрама команда негізін  Батыс Қазақстан облысының спортшылары құрайды.

Біздің спортшыларымыз әлемнің  үздік: Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай командаларымен сәтті бақталас болуда.

Жаттығу үрдістерінен бос кезінде мұз айдыны сырғанауға ниет білдіруші барлық адамдарға ұсынылады.Ұжымдар арасында мұз айдынын кешкі уақытта жалға алу ерекше насихатталып, дамып келе жатыр.Спорт ардагерлері хоккей ойнайды.Мектеп оқушыларының демалыстары кезі - ең  қауырт кезең, келушілер саны көбейеді,мұзда сырғанауға келушілер өз конькилерімен немесе бізден жалға алады.    

Қала және облыс тұрғындарына ақылы қызмет көрсетіледі

         Мұзда көпшілік сырғанау,конькилерді жалға беру.

         Мекемелер мен кәсіпкерлерге келесідей қызметтер ұсынады:

  • мұз айдыны,
  • шағын-футбол алаңы
  • жаттығулар үшін тренажер залы
  • әртүрлі жарыстар және турнирлер өткізуге

Сонымен қатар Мұз айдыны спорт Сарайында - балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндіктері шектеулі жандарға мұзда сырғанау әншейін ұйымдастырылады және аула балалары футбол командаларына шағын футбол алаңы беріледі.

Жаңа пікірді жазу

Filtered HTML

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <blockquote> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз