Оралда жаппай төбелестен бір адам көз жұмды

Оралда жаппай төбелес болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 24 тамыз күні түнде «Виктория» қонақүйі жанында болған.

Ер адамдардың екі тобы жол бойында ішімдік ішіп тұрған. Олардың бірінде 19 жастағы – екі, 21 жастағы бір жігіт болған. Екінші ересектеу топта күдікті ретінде қамауға алынған 32 жастағы ер адам болған.

«Сол маңнан бейтаныс қыз өтіп бара жатқан. Оған бірінші топ тиіскенде, қыз көмек сұраған. Оны екінші топтағы ер адамдар арашаламақ болған. Бірақ олардың күші аздық еткен соң, «KIA Rio» автокөлігіне отырып, бой тасалауға тырысқан. Сол кезде бірінші топтағы 19 жастағы жігіт машинаның капотына секіріп, соғылып, көліктің астына түскен. Содан көз жұмды. Қазіргі кезде 32 жастағы күдікті ұсталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (абайсызда адам өліміне соқтырған жол ережесін бұзу) тергеу амалдары жүргізілуде»,  - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

https://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз