Сән-салтанат салығы қандай көлікке салынады

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі жолдауында байларға салық салуды тапсырды, шын мәнінде бұл туралы биыл жыл басында да айтылған.

«Мұндай салық аса қымбат жылжымайтын мүлік немесе автомобиль сатып алғанда салынады, ол орта тапқа әсер етпейді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жақында Ұлттық экономика министрі президент тапсырмасын орындауды қолға алғанын хабарлады.

«Машинаның маркасы немесе моделіне емес, бағасына қарайтын шығармыз. Бұл мәселе Салық кодексіне сәйкес халықтың, бизнес өкілдері мен сарапшылардың талқысына түседі. Салық бағасы 100-150 мың доллар немесе одан жоғары көліктерге салынуы мүмкін. Ал жылжымайтын мүлік машинаға қарағанда қымбат болатындықтан, оның шекті бағасы жоғары болады», — деді министр.

Демек шенділер «қымбат» көліктердің шекті бағасын белгілеген секілді. Бірақ салық органы автомобиль құнын қалай есептейтіні белгісіз. Қандай құжат немесе каталогқа сүйенеді? Сыйлыққа немесе мұраға алған машинаны не істейді?

Бұл сұрақтарға Салық кодексіне өзгеріс енген кезде жауап аламыз.

https://kolesa.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз