Оралда 3 шілде күні отырып ойнайтын волейболдан жоғары лига командалары арасында ҚР чемпионатының екінші туры басталды.
Оның ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысып, Елбасының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандардың да спортпен айналысып, салауатты өмір салтын орнықтыруға үлес қосуына жағдай жасалып отырғанын атап өтті.
Жарыста Алматы қаласы, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік және Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы сегіз команда бақ сынауда.