Арманға жету үшін жеңіл жолды таңдау оңай болғанымен одан түк шықпайтынын түсініңіз. Тәуекелге бел буып үйреніңіз! Күштілер мен тәуекелшілдерді таңғажайып сыйлықтар күтіп тұр. Бастысы – өзіңізге нақты ненің керек екендігін білу.Егер іске құлшыныспен кірісер болсаңыз ол міндетті түрде жемісті болады. Жеке ісіңізді бастауға қорықпаңыз.
Егіздер
Бұл жетіде құлағыңызды жағымды жаңалықтарға түре жүріңіз, өйткені олар көп болады. Ұзақ уақыт бойы мазалаған шаруаларыңыз оң шешіліп, жақсы көңіл-күй сыйлайтын болады.
Апта барысында көптен бері қатынасыңыз үзілген жанмен кездесуіңіз мүмкін. Алдағы күндерді жақсы көңіл-күймен өткізуге тырысыңыз. Біреуді сыртынан ғайбаттаудан сақ болған абзал. Демалыс күндері киім-кешек сатып алуға қолайлы. Сауапты істерді жасауды әдетке айналдырыңыз.