ВЕРНУТЬСЯ

         С. Сейітжановқа
Құм мен құмды
кіріктіріп жалғайтын,
Тас пен тасты
біріктіріп қолдайтын
Топтасуға жаны
ғашық,
Үгілгеннің бағын
ашып
Тек тұтастық
мүддесінен самғайтын
Құрылысқа арзан әрі тиімді,
Теңге ететін,
қоңды ететін тиынды,
Жаңа цемент
ойлап таптың, жас ғалым,
Құрмет көргей құмға жазған дастаның.
Азаматтық
санамыздан ғылым озса не етерміз?
Аман тұрсақ әлі талай жаңалыққа жетерміз.
Бірақ мынау ұлтымызды жауырыны құрысқан,
Бірлік емес,
байлық үшін ж
ұлысқан
Бас басына би
болуға тырысқан
Қалай, қайтіп
біріктірер екенбіз,
Қалай, қайтіп
кіріктірер екенбіз?
Рухсыз бен
ұлтсыздың бағы жанған заманда
Басымды ием, дәл
осы іске
цемент тапқан
адамға!