Солтүстiк Қазақстан

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң „Қызылжар-Ақпарат“ ЖШС-і 2012 жылғы 27 наурызда құрылды.

     «Қызылжар-Ақпарат» серіктестігінің құрамына облыстық «Солтүстiк Қазақстан» газетi мен Петропавл қалалық «Қызылжар нұры» газетiнiң редакциялары кiредi. Кәсіпорын «Солтүстiк Қазақстан» және «Қызылжар нұры» газеттерi арқылы қазақ тiлiнде мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзедi, қазақ және орыс тілдерінде тұрғындарға жарнамалық-ақпараттық қызмет көрсетедi. 

     «Солтүстiк Қазақстан» 1920 жылғы 22 ақпаннан бастап, қазақ тiлінде шығып келе жатқан жалғыз облыстық газет болып табылады. Оның 2014 жылдың 1 қаңтарындағы таралымы 10700 дананы құрады. Газет аптасына үш рет — сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндерi шығарылып, Қызылжар өңірінің барлық елдi мекендерiне таратылады.

     «Солтүстiк Қазақстан» газетi мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуде  ресми басылым болып саналады. Газет беттерiнде өңiрдiң санқырлы өмiрi жан-жақты жазылып, облыстың билiк органдарының маңызды құжаттары жарияланады.     

 

Құрметпен, «Қызылжар – Ақпарат» ЖШС директоры Кәрiбай Мұсырман.