ВЕРНУТЬСЯ

1960 жылдың жазында Шебір жерінде тұратын Санаубердіұлы Әби ақсақалмен бірге Тұщықұдықтан шығып, Қияқты арқылы Кәрі деген жерге баратын болып жолымыз түсті. Әби ақсақалдың жасы сол кезде сексенге келіп қалған шамасы болу кереқ. Қияқтыдан шығып жүргеннен кейін Әбекең "Қапам" деген қауымның басына соғып, дүға оқи жүрейік" -деді. Қауым төбенің басында орналасқан, жол төбенің етегімен жүреді. Қауымға баратын адам сол жолмен келіп тоқтайды. Қауым - жолдан 30-40 метр қашықтықта, аралағысы келетін адам жаяу барады. Біз де солай еттік. Қауымның басына барғаннан кейін Әбекең ұзақ әйет оқыды. Әйет оқып болғаннан кейін, ішін аралауға бет алдық. Осы кезде мен Әбекеңе екі жерде от жанатынын айттым, қай тұстан көрінетінін айтқаным жоқ. Әбекең маған үндемеді. Орта жеріндегі ағаш шаншылған қаратастардың үйіндісі ғана қалған зираттың басына келіп тағы да ұзақ әйет оқыды. От жанатын орынның біреуі осы шығар деді. Жобасы осы екенін біз де ішімізден білетінбіз. Жобасы дейтін себебім, от жанып бастайтын уақытын күтіп тұрған кезімізде бірінші үлкен жарық, жалын емес, бір тастардың арасынан жанған шамның сәулесі сияқты ұзынша болып көрінетін. Жанып тұрған уақытында дәл қасында болуға жүрексінетін біз және де ешкімге жазығы жоқ сәулені зерттеуге пиғылымыз да жоқ болатын. Екінші кішілеу жарық қауымның шеттеу жағынан көрінетін. Әбекең жаңағы айтқан екі ауыз сөзінен кейін жүрелеп отырған орнынан шапанының етегін қақылап түрды да, қауымның шет жағына карай, біздің кішілеу жарық көріп жүрген жерімізге қарай бағыттады. Шеткілеу жағындағы, оның да басына ағаш шаншылған зиратқа келіп жүрелеп отырып, тағыда ұзақ әйет оқыды. Әйетін оқып болғансын ештеңе айтпастан жүруге беттеді. Машинаға келіп жүріп кеттік. Қауымнан ұзаңқырап шыққансын, Әбекеңе "Жаңағы басына барып Құран окыған адамдар кімдер?" деп сұрақ қойдым.- Бұл — "Қапам" деп аталатын қауым, — деп бастады әңгімесін. - Қапам деген - түрікпен ұлтынан, түрікпендср бүл жерден көшіп кеткенде бұл кісі көшпей қалыпты. Осы төбенің басына ең бірінші осы кісі жерленгендіктен, қауымның аты "Қапам" аталып кеткен. Бұрын бұл жерлерде түрікпен ағайындар жерленген. Қапам деген атақ жалғыз бұл емес, Маңғыстаудың ойында басқа жерде де кездеседі. Мен ең бірінші әйетімді барлық өлілерге арнадым. Содан кейінгі барып арнап оқыған адамым Сармолда деген әулие, одан кейінгі барған зират Сармолданың немересі Атанафестікі деді. Жарық осы екі адамның қабірінен көрінеді. Бұл адамдар тірі кезінде үлкен әулие атанған, еліне пайдалы қызметтер жасаған, халқына қадірлі болған азаматтар, - деп әңгімесін жалғастырды. Біздер — Адайдың ішінде Мұңал тайпасы боламыз. Мұңал — әруақ дарыған, өніп өскен, Адайдың ішіндегі белгілі бөлімдерінің бірі. Мен тарихты айтпай-ақ қояйын, беріден бастайын: Мұңалдың ішінде Жары, Жарыдан Назар, Назардан Тастемір ауылы болып бөлінеміз. Сол Тастемірдің бір баласы осы Сармолда, бір баласы — біздер, біздің аталарымыз — Тұяқ деп аталады.Соңдықтан да Сармолда біздің әкеміз болып есептеледі. Тастемірден бала көп болған. Сол балалардың ішінде зерделі, ақылды, ойлы баласы деп аталған, артынан оқымысты болып келгесін жеңгелері ат қойып, содан Сармолда атанып кеткен. Сармолданың зеректігін бала кезінен байқаған әкесі Түркияға жіберіп, көптеген жыл оқытып алған көрінеді. Сармолда оқуын бітіріп келгеннен кейін үйленген, қызметін мешіт салдырып, балаларды оқытудан бастаған. Ол кездері Түрікпендер мен Адайлардың арасы жақсы болмаса керек. Түрікпендер қайта-қайта шағын топ болып, елдің ішіне кіріп, жазықсыз елге тиіп, кісісін өлтіріп, малын айдап алып кетуді жиілетіп отырған кезі екен. Сармолда Ыстамбұлдағы оқуын аяқтағаннан кейін, Меккеге тағы да бір жыл сегіз айдың үстінде оқып, еліне бір-ақ оралған көрінеді. Еліне келіп, бір-жар ай демалғаннан кейін әкесі ел ішіндегі бір шаруаға жұмсапты. Баратын жері атты адамға күн жарымдық жол болғандықтан, жолдағы елге қонуға тура келген. Келген ауылда бір белгілі Түрікпенадай руының күйлі тұратын адамы болып шыққан. Үй иесі келген жас жігіт қонақпен жөн сұрасып, Тастемірдің баласымын дегесін дұрыстап сыйлаған. Қонған үйінің өзімен жас шамасы қатар үйленбеген баласы Сармолдамен танысып әңгімелесе келе, Сармолданың атын сыртынан естіп, қанық болғандықтан "Менің бір қыздан ойым болып жүр, бірақ, мені жуытпайды, сол қызды маған көндіріп берсейші, сенің оған оқуың жететінін естідім" деп өтініш жасап, қоймапты. Сармолда "менен әділетсіздікті талап етіп отырсыз, мен ондай жадылыкты істемеймін" деп өтінішін қабылдамапты. Таңертең ерте тұрып жүрейін деп атын әкеліп ерттеп, жұрт ұйқыдан оянбай тұрғанда кетіп қалғысы келіп жатқанда, құрдасы да түрып, тағы түндегісін қайталап, жалынып тұрып алған. "Сен жалынып қоймадың ғой, сол қыздың бір тал шашын алып кел" — депті. "Жарайды онда жігіт" деп жігіт қатар тігілген киіз үйлердің шеткі жағындағы үйге кіріп кетіп, көп ұзамай бір тал қылды әкеліп берген. Сармолда қылды қолына алып тұрып. "Осы шаштың иесін сүйемін, мәңгі жолдас етемін сөзімді қайтып алмаймын" дегізіп, үш рет қайталап айтуды құрдасына талап еткен. Құрдасы үш рет қайталап айтып шыққан. Содан кейін барып, қылға дем салып, жігіттің қолына берген, Енді қызыңның түстен қалмай өзі келеді деген де, қош айтысып жүріп кеткен көрінеді.Ел орнынан тұрып мал сауылып, өргізіліп болған сәске түстің кезінде шеткі үйдің тулағы жатқан жерінен қозғалып домалаумен ауылдың сыртындағы атын ерттеп жатқан құрдасының басына келіп сарт ете түскен көрінеді. Ерттеліп жатқан ат үркіп, жайына кеткен, желідегі боталар үрікксн, көріп тұрған адамдар шошыған. Жігіт қашып, үйіне тығылған, бірақ, тулақ қалмаған. Ауылдың барлық адамы сол үйге жиналып қалған. Жанұядағы апа, қарындастары мен шешесі жылап, дауыс шығара бастаған. Жиналғандардың ішіндегі жасы үлкен аксақалы жігіттен мән-жәйды айтуды сұраған. Жігіт болған жағдайды айтып берген көрінеді. Сол бойда Сармолдаға соңынан ат шаптырып, жағдайды толық айтуды тапсырып, қайтарып алып келудің жолын қарастыр деп адам жіберген. Жіберген адам Сармолданы жолда қуып жетіп, болған жағдайды хабарлап, құрдасының бір білместігін кешірсін, келіп, мына жағдайды қалыпқа келтірсін деген хабарын жеткізген. Сармолда тыңдап болғансын кейін, бүған енді ештеңе істей алмаймын, құрдасының кете-кеткенше өтініш жасап қоймағанын, таңертең азаннан құрдасынан қашып кету үшін жолға жиналғанын, бірақ, жолымды кес-кестеп жібермей, өлердегі сөзін айтып жалынғанын, солай бола тұрса да мен құрдасымның өтінішін қабылдайтын едім, егерде ол қыздың шашын емес, тулақтың қылын әкелмегенде, қыздың шашын әкелгеннің өзінде де адамды жадылауға қақым жоқ болатын. Ол тулақтың қылын әкеліп, мені мазақ еткісі келді. Мен құрдасымның үш рет айтқызып, тулақтан айрылмаймын деген уәдесін алдым. Енді құрдастың өмірлік жолдасы сол тулақ болады. Сәлем айтыңыз, деп жөніне жүре берген. Қуғыншы не айтарын білмей, атының басын ауылына бұрған. Сармолданың енді қайтпасын естіген үйдің иесі Тастемір ақсақалға өзі барып жағдайды айтып, кешірім сұрап, уақиғаны шұғыл тоқтаттыруды өтінген. Сол бойда Тастемір ақсақал баласына қос ат шаптырып, баратын жеріне жаңа жеткенде кері шақырып алып, болған жағдайды баласының өз аузынан естіген. Сармолда әңгімесін айтып болып, сіздің шұғыл қайтып келсін деген хабарыңызды естігенсін осы жағдайға байланысты екенін білдім, сонсын тулақты орнына қойдым. Егер сіз араласпағанда, тулақ құрдасыма кемі үш жыл жолдас болатын еді деген көрінеді. Құрдасы соңынан қонаққа шақырып, кешірім сұрап, ат-шапан айыбын төлепті дейді. Осы уакиғадан кейін Сармолданың атағы елге жайылып, тулақты ұшырған Сармолда хазірет аталып кеткен. Сармолда үйленгеннен кейін бала оқыту жұмысын қолға алған. Жоғарыдағы айтылған түрікпен басқыншылары шабуылдарын жиілетіп тұрған кезі. Осындай шапқыншылықтарда Сармолдадан көмек сұралатын болған. Сондайда, Сарекең жолға шығып келе жатқан басқыншьшардың жолын тұман қылып, адастырып, аттарын болдырып кері қайтуларына мәжбүр етіп отыратын көрінеді.Осындай бір оқиғаның есімдс қалғанының біреуін айта кетейін деді Әбекең қария:- Сармолда жасы қырықтардың ішінде болса керек, баласымен бірге екі атпен, қолына құсын қондырып, соңына тазысын ертіп аңға шығыпты. Аң іздеп ауылдан ұзаңқырап кеткенсін астындағы аты жер тарпып, кісінеп пысқыра беріпті. Атынан түсіп, баласына атты бауыздатып, екеуі бір атқа мінгесіп жүргеннен қейін, бұл ат та кісінеп жер тарпығасын, бұны да бауыздап тастапты. Баласы екеуі жаяу жүрген, күн кешкіріп кеткен, сол кезде қолындағы құсы шаңқылдап қатты дыбыс шығарады. Баласына "құстың басын кес" деген. Енді екі жаяу, қасында бір ит бар жүріп келе жатқанда ит қайта-қайта ұлыпты. Итті де басына атқызып тастаған. Күн кеш болып түнге айнала бастаған, еңді қашық емес, алдымыздан төбелдірікті там кездеседі, сонда барып жаңбырдан паналайық депті. Айтқанындай, алдарынан үлкен төбелдірікті там кездесіпті. Тамға кіріп жайласа бергенде даладан ат тұяғының дыбысы, көп адамдардың сөйлегендері естілген. Сармолда баласына "үндемей отыр, пышағыңды қолыңа даяр ұста" депті. Көп атты келіп тоқтап, "осы төбелдірікті тамға келіп ықтайық, жаурап қалдық, осы жерден Тастемірдің ауылы қашық емес, таңертең түндігін найзамен ашармыз" деген көрінеді. Келіп жатқан түрікпендср екені белгілі болған. Зираттың ішінде екеуі босағаға сүйеніп шығуға даяр тұрган. Түрікпендер зираттың ішіне толық кірген кезде, біреуі дауыстап, аттарды біріне-бірін байластыру қажет дегенде, Сармолда "біз байластырайық" деп баласын ертіп зираттан шығып, аттардың түгелдей тұсауын қиып, екі атқа екеуі мініп, тұсаудан босаған аттарды қамшымен орып-орып жібергенде, өзі тоңып тұрған, өзі аш аттар құлан-құтаяқ шапқылап алып жөнелген. Оздері ауылдарына келіп, елді оятып, адамдарын қаруландырып, тамның ішінде жаяу қалған жауларды тұтқындатқан көрінеді. Соңынан ел адамдары "тазыны, құсты неге өлтірдіңіз" деп сұрағанда, оларды өлтірмегенде біздерді түрікпендер өлтіретін еді ғой деп жауап беріпті. Себебі, зираттың қасында ат тұрса, ішінде адам бар екені белгілі болмай ма, дыбыс шыққансын құс та қозғалып сілкінеді, сөйтіп, адам бар екені анықталатын болғансын, өлтіруге тура келді деп жауап беріпті. Баласын ертіп, зираттан шығып кетуін, қараңғыда көп түрікпеннің біреуі деп ойлауы мүмкін-ау деген ой бізге де келді. Ол кезде сіріңкс жоқ, шақпақ тасты біріне-бірін соққылап майға суарылған түтілген құрғақ шөпті түтетіп барып от жағатын кез. Ол құрғақ болуы керек, жауын жауып тұрғанда оның да тұтана қоюы қиын. Оның атын бұрын "қу" деп атаған. Сондықтан да тас қараңғы зират ішіндегі бөгде адамның барын білу мүмкін еместігі белгілі. Баласына пышағыңды даярлап тұр деп неге айтты екен дегенімізде Әбекең "аттардың бекіту тұсауын жылдам кесіп тастау үшін айтқан болар" — деп жауап берді. Әбекең әңгімесін жалғастыра берді. Сармолда Хазірет жасы үлкейіңкіреп барып дүниеден өтсе керек. Ол кісіден алты бала болғанмен осы қауымдағы екінші жарық шығаратын зиратта жатқан Атанафестің жайына ауысайын. Атанафес Сармолданың немересі. Сармолданың Базылбек деген баласының тұңғышы. Сармолданың немерелерінің ішінен еншілеп өзіне бала қылып алған Атанафес екен. Сармолда Базылбекті жастайынан үйлендіріпті. Базылбектің үш баласы болған. Атанафес, Шман, Тәжіғүл деп аталады. Атанафес жастайынан қасиетінің бар екендігін, елге байқата бастаған. Атанафес жеті жасқа шыкқанда үлкен той жасап, қырықту бие беріп, сабына дүғалық жаздырып, алтын кездік соқтырып, Сармолда әкесі сыйға тартқан дейді. Атанафесті он жасында Қазан қаласына жеті жылға оқуға жіберіп, оқытып алса керек. Атанафес жыл сайын жазда су жолымен аулына демалысқа келіп жүрген кезінде алтын кездігін жоғалтып алыпты. Ол оқиғаны да айта кетейін деді Әбекең.Ауылда жаздың кезі, жастардың қымыз ішіп қызып жүрген мезгілдерінің бірінде ауылдың сыртынан үлкен құйын Атанафестср отырған үлкен ақбоз үйге қарай беттеп келе жатқандығын сырттағы адамдар хабарлайды. Үйде отырған Атанафес бастаған бір топ қыз-жігіттер тез сыртқа жүгіре шығып, қараса үлкен қара құйын үйге жақындап қалыпты. Атанафес құйынға қарай тура жүгірумен барып, жақындай бере жанындағы алтын кездікті лактырып жіберген. Сол бойда құйын жалт бұрылып кері кеткен: Құйын кеткенмен алтын кездікті түгел ауыл адамдары болып кешке дейін қарап, таба алмаған. Сонымен, Атанафес демалысы аяқталып оқуына кетіп, оқуды бітіріп, келесі жылы ауылына келген. Жастармен бірігіп ел қыдырып, той тойлап, кешке ақсүйек, алтыбақан, қыздармсн қыдыру сияқты көңілді күндсрін өткізумен болған. Ол кезде күйлі адамдар балаларына қыз айттырып, оның қалыңмалын алдын ала беріп қою салттарының сақталып тұрған уақыты. Атанафеске де Жиделі-Қазан жерінен біреудің қызын еншілеп, жол-жоралғысы жасалып қойылыпты. Қалыңдығын бұрын көрмегендіктен барып, көріп, танысып келу мақсатымен ешкімге айтпай, қасына жолдас ертпей қайын жұртының аулына келіп, танысып көрісіп, бір-екі күн болып, елге қайтады. Жолда Қаратөбе деген жерге жақындағанда анадай жерде төбенің үстінде бес-алты ақбоз үйлерді, үйдің сыртында желідегі байланған құлынды биелерді көріп, кеше өткенімде жоқ еді, бүгін қонған болды-ау деп, түс мезгілі болып қалғаңдықтан ауылға бұрылып көлеңкелеп, демалып жүруді жөн көреді. Атын ауылдың сыртына тұсап тастап, өзі ортадагы үлкен ақ боз үйге сәлем беріп кіріп келсе, шай ішіліп жатыр екен, оң жақта саргедер бәйбішс, оның тер жағында бой жеткен қыз, одан кейін жас жігіт, шайды келіншек құйып отыр, менің сәлемімді ешкім алмады депті. Естімей қалды ма деп, қайталап дауыстап сәлем беріп едім, естімегендігі, бұған назар салмагандығы байқалған. Сонда барып, перінің еліне тап болғандығын біліпті. Пері туралы оқуды окытып еді де, көзімізбен көрген жоқ едік, кездескенімде қуанып кеттім, шөлдеп келгендіктен шыдай алмадым, босағадағы сабадан қасында тұрган аяққа қымыз қүйып іштім де, шай ішіп отырған қыздың жоғарғы жағына барып отырдым депті. Дастарқандағы тағамдардан ауыз тидім. Мен барып отырғаннан кейін дастарханның үстінде жарамсыз кикілжің әңгімелер басталды. Жас жігіт келіншекке "шайың мұздап кетті" деп дауыс көтере бастаса, өз шайыңды ішпей маған құйылған шайды неге ішесің деп тыжырына бастады, не керек шайдың берекесі кетулі. Осы кезде жакын отырғандықтан болу керек, менің денем қызға сәл тиіп еді, сол-ақ екен, қыздың есі ауып тала бастаулы. Шешесі қыздың басын сүйеп, әбігерге түскен көрінеді. Жиналып қалған көршілерінің ішіндегі жасы үлкен қариясы біреудің атын атап, жылдам алып кел деп хабар жіберулі. Енді біреулері мал сойып, садақа жасауға кіріскен. Шақырған перілерін көрейін, кездесейін, бастадым ғой, аяғына дейін шыдайын деген оймен даладағы атымның ер-тұрманын алып, тар қылып бекітіп тұсап, үйге қайтып оралсам, қыз аздап тәуір болып қалған екен, мен жакьіндағанда тағы тала бастады, осыны білгеннен кейін қыздан кейінірек төрге қарай шегініп отырдым" депті.Жын-пері туралы оқытқанда, кездесе қалғанда зәбір көрсетпеуге ант бергенбіз, менің бұл елді әбігерге салғанымның дұрыс еместігін біле тұрсам да, нәтижесін көргім келетін құштарлығым жеңіп, аяғына дейін күткім келді. Кешке қарай, шақырылған перілері де келді. Келісімен оқып, қызға дем сала бастады. Олар сүйтіп жатқанда Атанафес сыртқа шығып, қазанның басынан ет жеп, үйге келіп, қызға, жақындаған екен, талмасы күшейе бастапты. Үйдегі шақырылған пері Шолақ ағаны тез алдырмасақ, сұрқостың жайы нашарлап баратыр деп, қос атпен хабаршы жіберіпті. Мен де сол әулиенің келгенін күткім келді. Ер-тоқымымды үйдің көлеңке жағына әкеліп жастандым, мен үйге келіп отырғансын-ақ, қыз қайтадан ыңқылдай бастады. Үйдегілер тұрып шай жасаған болды, енді біреулері ақсарбас қойды әкеліп, союға кірісті. Сәске түстің кезінде сырттан "келе жатыр" деген сөздер естілді. Үйдің іргесі түрулі, керегенің көзінен сырттағылар түгел көрінеді. Үйдің сыртына екі-үш атты келіп, аттарынан түсіп, ішіндегі орта жастағы бір аяғы қарасанның ортасынан жоқ балдақты періні есік ашып, тағзым етіп үйге кіргізді, сәлем беріп үйге кіргенсін, төрде жатқан Атанафесті бірден көрген, кідірмей келіп олда төрге шығып, менің алдыңғы жағымнан ортаға таман отырып, қымыз ішті. Әлден уақытта, "қиын болған екен, үйді адам перісі иеленіп қалыпты, өзі ғұлама жас пері, осыдан бір жыл бұрын менің аяғымды да дұғалы кездікпен ұрып жұлып еді, енді аулыма әрекет салып отыр. Бұндай әділетсіздікке бармауы керек еді, антын не себептен бұзғаны түсініксіз, енді ку баспен көшіру ғана калды" депті. Ет даяр болып, қол жуылып, дастархан жайылған. Аксарбас қойдың басын әкеліп, тартыпты. Сол мезгілде қынынан өткен жаздағы жоғалтқан алтын кездігімді суырып алып, бастың құйқасын бөле бастады. Мен пышақтың қашан дастарханға қойылуын күтіп жатырмын, сол-ақ екен, пышақты қойып, басты екіншісіне ұсына бергенде, кездікті жылдам алып, қалтама салдым. Сонымен, ет желініп болғасын жылқының қу басын үйдің сыртқы қапталына қойғызып, өзі маган бұрылып, оқуын бастады. Күнде ұясына батуға айналды. Ара-арасыңда дем салады. Бұл оқылып отырған оқуды Атанафесте білетін көрінеді, егер де өзіңіз әділ болсаңыз қарсы оқуға болады — бірақ өзінің ісінің дұрыс болмағандығынан қарсы оқымаған. Сонымен, түн ортасы болыпты. Шолақ әлі оқып отыр, оқып, дем салған сайын Атанафеске қарай жылжып қоятынды бастаған. Мезгіл түн ортасынан ауған уақытта Атанафес терлеп, аздап ауа жетпей жайсызданған. Шолақ жақындап қалғандықтан, кейін қарай жылжып қоятынды бастаған, осы кісі ұстаса кетсе, менің әлім жетпей қалады-ау деген ой пайда болған, оның себебі, әлсіреп, шаршай бастадым депті. Сөйтіп, маған Шолақ жылжыған сайын мен де шегініп отырамын. Осылайша жылжи-жылжи босаға керегеге де келдім, әлім кетті, енді тек есікке жетіп, үйден шыға алсам, деген ой болды, еңбектеп есіктен шығып, үйге сүйеніп ауа жұтып, бір-екі аттағанымда үйдің белдеуінде байлаулы тұрған акбоз атты қөріп, тізгінін шешіп атқа зорға міндім де, қаштым депті. Бір уақыттарда көзімді ашсам, күн сәске болып қалыпты, жылқының ку басының үстінде қара терге түсіп отыр екенмін. Басым мең-зең, тұла бойым езіліп, болдырып қалыппын. Маган не болды, түсім бе, өңім бе деп қарасам, қасымдағы ер-тоқымыма көзім түсіп, болған жағдайлар ойыма орала бастады деген көрінеді. Ер-тоқымды арқалап, тар қылып бекітіп тұсаған атым да ұзамаған екен, шөлден қурап қалған атпен Қаратөбенің құдығына барып атын суарып, өзі жуынып, демалып отырғанда ойына кездігі түсіп, қалтасына қолын салса, кездік тұр. Сонда барып болған уақиғаның шындығына көзім жетті депті. Ауылына келіп қонғансын, ертесіне таңертең Сармолда атасы кайдан келгенін сұраған. Атанафес көрген-білгенін түгелдей айтып берген. Тындап болғаннан кейін "Бүгіннен бастап, ойын-сауықты қой, мектеп даяр тұр, алған біліміңді еліңнің кажетіне жарат, ұстаздық етіп бала оқытуға кіріс" - деп тапсырыпты, басқа ештеңе айтпаған. Бірақ, Атанафес бұл тапсырманы орындауға асықпай жастықтың жетегінде жүріп қалыпты. Бір күнде ақсүйек ойнап жүрген кезінде ағарып жатқан затты сүйек екен деп үстай бсргенде ол ақ жылан болып, өзіне карай тұра ұмтылған. Атанафес жыланнан қатты қорқады екен, тұра қашқан. Артына қараса, жылан қуып келе жатыр, сөйтіп келе жатқанда сүрініп жығылған, қуып келе жатқан жылан шақпастан, кідірместен санының үстінен өтіп кетулі. Үйіне келіп жатайын деп шешініп қараса, жыланның өткен орнында, санында қара жолақ із қалғанын қөреді.Ертесіне тұрып, Сармолда атасына барып, жыланның жайын айтып қорыққанын білдірген. Атасы ештеңе айтпаған, тек қана айтқаны: енді баланы дұрыстап оқыт депті. Келесі күні түнде ұйықтап жатқаңда тарс еткен дыбыстан ояна кетсе, аяғының жыланның қалдырған ізінен сынып бөлек жатқанын көрген. Осылайша жастықпсн қоштасып, ұстаздық жұмысқа біржолата кірісіп кетіпті.Атанафес - емсектік, сынықшылық, құмалақ ашу өнерлерінің биік шыңында болған адам. Ұстамалы, талып қалатын немесе есінен адасқан ауруларды емдеп жазып отырған. Үлкен-үлксн қауіпті сынықтарды орнына сала беретін болған. Құмалақ арқылы айтқан болжамдары барлық кезде шынға айналып, елдің құрметіне бөленіп, алғысын алып отырған. Алпыс жасқа жетер-жетпесінде дүниеден өтті. Мен ол кісіні көріп жүздескен адаммын. Атанафестен бір қыз, бір ұл болған. Ұлының аты Нұртілеу деп аталады, қазір Ақшұқырда тұрады. Жасы біздермен шамалас, ол кісі де қасиеттен құр емес, — деп, Әбекең ақсақал әңгімесін аяқтады. Бұл әңгімеден кейін мен Нұртілеу ақсақалмен бірнеше рет кездестім. Сол мезгілде жасы сексенге таяп калған болуы керек. Әбекеңнің әңгімелерін айтқанымда "Оның бәрі рас, олар үлкен оқымысты, әулие адамдар ғой" деді. Нұрекеңе де сол маңайдың адамдары құмалақ аштыруға жиі келеді екен. 1980 жылдың бас кезінде тоқсан жасты тауыса жаздап, Нұрекең ақсақал дүниеден өтті.Нұрекең ақсақалдың баласы Нұртілеуов Рамазан өз жолдастарының арасында беделді, абыройлы азамат. Қазір Ақшұқыр кентінде тұрады. Балалары ер жеткен, әрқайсысы отау көтеріп үй болған. Нұрекең қарттың інісі Айтқұл облысқа белгілі ақын-жыршы болды, өмірінің аяғына дейін мәдени қызметпен айналысты. Оның баласы Айтқұлов Алпамыс қазір Ш. Есенов атындағы Ақтау университетінің қафедра менгерушісі, техника ғылымдарының докторы. Ал, мен Маңғыстаудағы үш жүз алпыс әулиенің қатарынан орын алып жатқан Сармолда, Атанафес хазіреттердің касиеттерінен хабардар ету мақсатында Әбекең қарияның әңгімесін оқырмандарға ұсынуды жөн көрдім.Күні бүгінде осы екі адамның басына барып тәубе етушілер аз емес. Бірақ, сол кездегі қойылған белгілер тозып, орны жоғалып кету қаупінде тұрғандығын әруақтарды сыйлайтын азаматтардың есіне салғым келеді.