Орал Болашақ көпсалалы колледжі

Основная информация
Адрес: 
Орал қаласы, Жәңгірхан көшесі 31
Телефон: 
87112 50 12 26

Орал Болашақ көпсалалы колледжі 2011 жылы Көпсалалы Болашақ колледжінің филиалы ретінде өз жұмысын бастады. 2012 жылы өз алдына «Орал Болашақ көпсалалы колледжі» ЖММ болып қайта құрылымдалды.

Осы жылдар ішінде колледж бірнеше жетістіктерге жетіп, жүздеген орта буын мамандарын дайынап шығарды.

Орал Болашақ көпсалалы колледжінің жаңа миссиясы – адами рухани құндылықтарды сақтау мен жетілдіру арқылы қоғамның интеллектуалдық элитасын дайындау, оқу үрдісі мен инновациялық бағыттарды интеграциялау негізінде қоғам, мемлекет және тұлғаның өмір бойы қолжетімді және сапалы нәтижеге бағытталған техникалық және кәсіптік білімге қажеттіліктерін қанағаттандыру. Осы миссияны орындау бағытында педагог мәртебесін көтеруге негіз болып табылатын жаңа бағытта білім беру үдерістері жоғары деңгейде тиімді ұйымдастырылуда. Колледж болашақ мұғалімдерді даярлап, ауыл мектебінің білімдік және ғылыми-әдістемелік орталығына айналып, ұлттық идеяны іске асыра отырып, мұғалімдердің кәсіби әлемінің жаңа бейнесін қалыптастыруда.

Мамандарды даярлау сапасы оқытушының кәсіби құзіреттілігі мен білім, білік дәрежесіне тікелей қатысты. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі – бұл қазақстандық кадрлардың қалыптасуы мен ел дамуының негізі. Колледждің педагогикалық ұжымы білім беру үрдісіндегі озық дәстүрлерді сақтай отырып, бәсекелестікке қабілетті, құзыретті маман даярлаудың жаңа жолдарын іздеуде тынымсыз еңбектенеді.

«Сенде бір кірпіш дүниеде, Кетігін тапта бар қалан» - дегендей болашақ ұрпақтың өмірден өз орнын тауып, кірпіш болып қалануына біздің колледж мамандары бағыт-бағдар беріп, демеу болатындай жұмыс істеп, болашаққа деген баспалдағын дұрыс бастауына ықпал болады деп мен сенемін.

«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуатын ең алдымен азаматтарымыздың білімімен өлшенеді. Терең білім - тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой - азаматтығымыздың алдаспаны» деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай ең басты құндылығымыздың бірі-ол білім.

Сіздерді Орал Болашақ көпсалалы колледжіне оқуға шақырамыз!!!

Добавить комментарий

Filtered HTML

  • Адреса страниц и электронной почты автоматически преобразуются в ссылки.
  • Разрешённые HTML-теги: <a> <em> <strong> <cite> <blockquote> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Строки и параграфы переносятся автоматически.

Plain text

  • HTML-теги не обрабатываются и показываются как обычный текст
  • Адреса страниц и электронной почты автоматически преобразуются в ссылки.
  • Строки и параграфы переносятся автоматически.
CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.