ВЕРНУТЬСЯ

Ассалаумағалейкум, Бұғыбайым,
Кімді алмай қояр дейсің бұ Құдайым.
Тірі күнде шақырып, «кел» деп едің,
Батыр-ау, жолыға алмай болды уайым.
Батыр-ау, жатырмысың мені көріп,
Басыңа қонып жаттым сенің келіп.
Тірі болсаң, бір атты мінгізер ең,
Жіберші сол атыңды енді беріп.
Бұғыбайдың бергені құла қасқа ат,
Қалсын, балам, артыңда жазылған хат.
Қияметте, Бұғыбай, жолығайық,
Жолдас болсын иманың, жат саламат.