ВЕРНУТЬСЯ

Аңқатым

Ақ қанатты көгершін болып,Жырларым саған қалықтай ұшар.Ауылым менің, көңілім толып,Қуанған кезде аялай құшар. Қымбат-ау елің, Өз туған жерің,Қып-қызыл дауыл тұрса да борап.Өз туған жерім - Аңқатым менің,Сен жаққа жүрмін сағына қарап. Сағындым шоқым, «Ақтау» деп атар,Алыстан көлбеп көрінген кербез.Өзіңе шығып аспандап қайтар,Жадыра шақты тым ыстық әр кез. Сағындым жасыл далаңды шексіз,Гүл терген сонау көгілдір көктем.Көгершін жырым, сәлемімді жеткіз,Мен ауылымды көрмедім көптен. Алыстау кетіп бір сәтке ғана,Сонда да сенен іздермін пана.Арнадым, елім, ауылым - анам,Өмірге келген жырымды жаңа.

Балауса сезім

Балауса сезім, айналып кеткен сағымға,Жоғалтып ем ғой жеттім бе деген шағымда.Көңілді құсым дүр етіп ұшып кетті де,Көңілсіз құсым қонақтап қалды бағымда. Кіршік тимеген көрікті балғын сезімдер,Өте шықты ғой бантикті балғын кезімде.Ақшаңқан шақтар, неліктен шапшаң жалт етіп,Іздетіп қойдың көктемді мынау күзімде. Балауса күндер, таңбасы қалып кеудемде,Қол бұлғап кетті мәңгілік қайтып келмеуге...Қоңырқай түстер - қоңыр наз, қоңыр шумақтар,Кеудеме толды,Төгілердей боп ернеуден... Жайқалған гүлден, шайқалған жасыл теректенІздедім, сені, осылай ету керек пе?Бәрі де тұрды қоңырқай ғана мұңайып,Жыр

Бәйтерек тектес шынарым

Аштыққа ұшырап,                              жастығын сезбей, соғысты жеңген кейуана,Бар қиындықты көтергені аздай,                                       тағы да қайғы жиған,ә?!Көнерген сол бір шеткері үйде немере ғана сенері,Мұңын шертеді,                            жүрегін жеген шемен сыр ішке сыйған ба?Қамықпа, әже, жуып берейін ақ жаулығыңды кірлетпей,Көңіліңдегі кірбіңдерің де                                      қар суыменен бір кеткей!..Мен ес білгелі көз алдымдасың, анамның әзіз анасы,Бәйтерек тектес биігім менің,                                              аласармас шыңым, бірбетк

Беу, бал дәурен !

Сағынышымның бастауы болып тұрасың, ауыл, қашаннан. Бала кездегі бақытты дәурен, сипайтын самал шашымнан.Сол бір шақтардан                                   Айрылдым қашан?                                   Біле алмай қалдым, біле алмай,Тілекшің болып жетермін бір күн сығалай бермей тасаңнан.Атам мен әжем кезек арқалап,                                   Қонақтап бірге жүретінБал дәуренім-ай, балдырған үнді, шаттана қамсыз күлетін.Қандықтың құмын сапыра кешіп,                                   жүгіруші ек-ау жалықпайБеу, бал дәуренім-ай, өттің де кетің...                                   дә

Жайығым, саған келем мен

Жайығым, саған келем мен,Өзіңдей мөлдір өлеңмен.Қуанышыммен және деМұңыммен жырға бөленген.Жайығым, сенің жағаңнанАрманым аппақ таралған.Өлеңге ғашық қызыңның,Сенімі сенен нәр алған.Талыңа өскен жағалай ,Өр толқыныңа қарамай.Орнамас жанға жаз көңіл,Сағыныш қалар тарамай.Тұйыққа бір сәт тірелген,Кезімде саған келем мен.Жүрегім толса жігергеТағы да келем елеңдеп.Қимаймын, Жайық, жағаңдаҚалдырған жастық - жазымды.Өзің деп жүрем алаңдап,Шағалаңды аңсап наз үнді.

Страницы