ВЕРНУТЬСЯ

Жайығым, саған келем мен,Өзіңдей мөлдір өлеңмен.Қуанышыммен және деМұңыммен жырға бөленген.Жайығым, сенің жағаңнанАрманым аппақ таралған.Өлеңге ғашық қызыңның,Сенімі сенен нәр алған.Талыңа өскен жағалай ,Өр толқыныңа қарамай.Орнамас жанға жаз көңіл,Сағыныш қалар тарамай.Тұйыққа бір сәт тірелген,Кезімде саған келем мен.Жүрегім толса жігергеТағы да келем елеңдеп.Қимаймын, Жайық, жағаңдаҚалдырған жастық - жазымды.Өзің деп жүрем алаңдап,Шағалаңды аңсап наз үнді.