ВЕРНУТЬСЯ

Мамырда - майда самал еркелеген,Табиғат тамылжиды ертеменен.Мамырда - мамыражай Жер-Ана да,Мамырда сезім бар ма селдемеген. Сілкінген тұр байқадым тіршіліктен,Қашан да күлімдеген жүрші үмітпен.Қарашы, сызылуын май күнінің,Бұлбұл құс сайрап тұр ма жыршы күткен?.. Жеп-жеңіл желпіп өтсе май самалы,Көңілің жастық шақтың айтады әнін.Жағалап жүріп қайтсаң Жайық жақты,Астан-кестең көңілің жай табады.  ***  Аппақ таңдар арайлап,Гүл атады қызыл тал.Жайық жаққа қарайлап,Ән салды ару сызылта. Алыстап ән үзілді,Самал есті ғайыптан.Ал құрбылар тізілдіЖағадағы қайыққа.