ВЕРНУТЬСЯ

Мейрам күні жетті сәлем хаттарың,Шәкірттерім - құйттай қолғанаттарым.Осы хаттар қандай қымбат мен үшін,Бойтұмардай қастер тұтып сақтармын. Мына бір хат...                Сөз бастасы бөлектеу,Өзгеше бір жылу құйып жүрекке.«Сағыныштың сазын шертіп барады:Сонау бір кез.Апай, сізбен бір ек», - деп. Ақ параққа ойын тізген Ерболат,Сәби кезі жүр сөзінде жорғалап...Моп-момақан, озат, сүйкімдім менің,Өткен күнін естелікпен жалғамақ. ... Мейрам күні жетті сәлемхаттарың,Шәкірттерім - құйттай қолғанаттарым!Хатпен бірге жіберейін жүректің,Өздеріңмен бірге өткізген шақтарын.