ВЕРНУТЬСЯ

Жанымның шуағындай елжіреген,Өзіңе ғашық болдым, мөлдір өлең.Көңілім талпынады биігіңе,Гүлдері, көктемеде желбіреген. Жүректі жұбатамын енді немен,Өзіңсіз жұпынымын, өндір өлең.Қыз жанын сен болмасаң, кім түсінер?Сенім - тал жапырағы селдіреген. Сырымды ақтарамын саған ғана,Сонан соң бар сенерім - анам, далам.Солар бар түсінетін өкпе-назды,Еркемін, ештеңеге алаңдаман. Жасымнан, өлең, саған ғашық болдым,Өзіңмен кездескенде тасып-толдым.Өлеңге жаны ауырмас жанды көрсем,Мен одан құтылғанша асық болдым. Сиыспас алдамшы жар, мөлдір өлең,Өзімді осы ойға сендіремін.Қимайтын, қиыспайтын қасиетсіз,Адамға сезімімді сөндіремін. Білемін жақсыларды,Жамандарды,Білемін жомарттарды, сараңдарды.Ақынға жаны ауырмас жанды көрсем,Жырларым кеудемдегі қараң қалды. Өткердім дей алмаймын бәрін бастан,Жүрегім тұрады ылғи жабылмастан.Өлеңнен ашылған бір бағым болса,Жанашыр сол бір жалғыз бағымды ашқын.