ВЕРНУТЬСЯ

Шың басында

Көремін саспай
аққан өзенін де

Сияқты Сырдың суы
өз елімде.

Сабырындай
Россияның жатыр тыныш,

Сақталып сан
шежіре өзегінде.

          Москва - қиялымда
күнде менің,

Секілді
сергігенде алған демім.

Тетігі
тірлігімнің - жүрегімдей

Соғады ұясында
кең кеудемнің.

Отырмын оңашада
қазірде мен,

Үңіліп
толқынданған ойға терең.

Жалтылдап жалын
сынды қос қанаты

Жанымның
сәулесіндей жөнелді өлең.

Көзімнің
шымылдығы көтерілді,

Жаңа жылда

 Аяз сүйіп ақ
бетін албыратқан,

Бота көзін
төңкеріп жаудыратқан:

Жарық түнде
жарқылдап ойнайды көп,

Шаңғысынан
шаңдатып қар боратқан.

Жас жігіт те
жайдары күлім қаққан,

Жарын көріп
жүрегі тыным тапқан.

Сүымен жарыса
сырғанайды

Жай оғындай жалт
еткен, төмен аққан.

Ақ күмістей ақша
қар сырғанатқан,

Өзен, орман,
даламды бірдей жапқан -

Бәрінде де сұлу
қыз, көркем жігіт,

Тату, тәтті
көшетін жылды ұзатқан.

Жаңа жыл

Хош келіпсің
дейміз күліп,

Қол созамыз жаңа
жылға.

Жаңа жылдың жазғы
жырын

Жазамыз біз
мраморға.

Ән келеді, сән келеді,

Гүл үстіне гүл
өнеді.

Жапырақтайды
жасыл ағаш,

Жайнайды жер
түрленеді.

Өткен жылға
ырзамыз біз,

Шығармаймыз естен
мәңгі.

Ұрдық сонда деп
жүреміз

Қан аңсаған
жауыздарды.

          Хош келіпсің
дейміз күліп,

Қол созамыз жаңа
жылға.

Жаңа жылдың жазғы
жырын

Жазамыз біз
мраморға.

Айтыңдаршы, арманым не?

Жеңіс күні

- Ей, жолдастар,

Замандастар!

Ата-аналар,

Балғын жастар!

Тыңда мені, тыңда
мені!

Құттықтаймын
сүйіп сені!

Біріңді де,
бәріңді де,

Жасыңды да,
кәріңді де,

Ұлы Отанды кім
күшейтсе,

Жеңу үшін қанын төксе,

Ұлы Отанды кім
күшейтсе,

Жену үшін еңбек
етсе,

Жау тынысы тынған
күні,

Жерге басын ұрған
күні

           Жеңіс күні

- Ей, жолдастар,

Замандастар!

Ата-аналар,

Балғын жастар!

Страницы