ВЕРНУТЬСЯ

Кемеде

         Бір кемеде бір қазақ

Алыс сапар
алдында.

Шыға қапты жолға
ұзақ

Жатпай тыныш
аулында.

Қуанудың орнына

Қынжыла ма, не
етеді?

Қимай қарап
артына

Жалтақ-жалтақ
етеді.

«Европаға
саяхат!»

Айтуға да тамаша.

Аңсайды аулын сол
қазақ,

Алыс жолға
қараса.

1957

Ыбырай

          Аманмын, ақын
Байнаш, жүрмін тірі!

Пенденің белгісіз
ғой көрер күні,

Тірлікке қор
болам деп ойламаймын,

Сау болса
тәңірімнің берген тілі.

Ежелден ырыстымын
ел сыйлаған,

Шығасың неге
қарсы - білсең мұны?

Қызғыштай
қызарақтап қыстырылма,

Килігіп келмес
жерге сөздің жөні.

Сен алсаң жолын
тауып қой дедім бе?

Немене
соқтыққаның, айтшы осыны?!

Бұл кім?

         Осы бір тыным
таппас елгезектік

Білмеппін көп
сырларын, елемеппін.

Әншейін, пысық қана,
адал жан деп,

Кейде оның дегеніне
көне кеттім.

Ізденгіш жаңалығын
астананың,

Құптағыш үлкендердің
бастағанын,

Ішінде кәрілердің
кәдешіл-ақ,

Айтады жас
тобында жастар әнін.

Жаюлы дастарқаны
мейманына,

Әдебі әжептәуір
сыйлары да.

Ағаға семіз
бағлан басын тартып,

Жеткізер іні қолын
сирағына.

Адамның бәрімен
дос бағы барда.

Аттан түскенде

         Желе аяңдап
Қаракөкпен,

Жеттім міне
аулыма.

Жас жүрегім соқты
қатты

Жеткенкен-ақ ел
маңына.

«Ел» дегенім -
қуанышым,

Жасарған ол -
туған жаңа.

Қарсы алдымда бұйра
қою,

Ну қарағай, қалың
орман.

Көз жіберсем
алабына

Айнымайды қалың
қолдан.

Шетсіз-шексіз көк
теңіздей,

Толқыны жоқ,
жатыр тынған.

Сол орманның бір
шетінен,

Біздің колхоз
ойып қонған.

Емес жайдақ
бұрынғыдай,

Жаңбыр

          Күркірете көгімді

Көк ала бұлт
сөгілді.

Отты көзі
жалтылдап,

Бір шолып қап
жерімді

Нөсерлетіп
ақтарды

Аспан толы
теңізді.

Жапырақ қандай
жаңарды,

Жаным қандай дем
алды.

1955

Страницы