ВЕРНУТЬСЯ

          Аманмын, ақын
Байнаш, жүрмін тірі!

Пенденің белгісіз
ғой көрер күні,

Тірлікке қор
болам деп ойламаймын,

Сау болса
тәңірімнің берген тілі.

Ежелден ырыстымын
ел сыйлаған,

Шығасың неге
қарсы - білсең мұны?

Қызғыштай
қызарақтап қыстырылма,

Килігіп келмес
жерге сөздің жөні.

Сен алсаң жолын
тауып қой дедім бе?

Немене
соқтыққаның, айтшы осыны?!