ВЕРНУТЬСЯ

          Жазды күн, жазық
далада,

Тігулі шатыр көруші
ем:

Шатырдағы Қанышты

Кім екенін білуші
ем.

Қайтып бір күн
құс атың,

Сол шатырға қондым
кеп.

Салқын түнде
жаттық біз,

Қаздың етін бөліп
жеп.

Сыр қып терең ол
маған,

Айтты жайын
Сергоның:

Арнап барып
көргенін,

Сергоға серт
бергенін.

Ақ шатырда
екеуміз,

Сөйледі дос жер
жайын,

Есептеді алтын,
мыс,

Қорғасынын,

мұнайың...

Бір разведчик,

бір ақын

Әңгімеге
кенелдік.

От та сенді
шылымнан,

Біз де ұйқыға
жөнелдік...

Ертеңіне көшті
дос,

Станокпен,
қолымен,

Автокарлар
жөнелді

Үйреніскен
жолымен.

Қаныш Сәтпаев.

Содан бері кеп
керем

Шатырларды
даладан.

Көшсе шатыр
орнынан,

Көрем завод
жаңадан.

1935