ВЕРНУТЬСЯ

         Соғамын тынбай,
соғамын,

Соғамын
барабанымды,

Еріксіз ертіп қыздырдым

Жасыңа қоса кәріңді.

Көтерген туым
бейне бір

Секілді қыран
жалынды.

Шыққанда бастап
осылай

Майданға туған
ауылды,

Қирату үшін аямай
-

Бай-құлақ атты
жауымды,

Доғара тұрып
әзірше

Домбыра, дутар қағуды,

Қосамын
барабаныма

Қарқынды жыр мен
әнімді.

1930