ВЕРНУТЬСЯ

          Аспаны қандай,
хрустальдай көгілдір,

Жапырақтардың
жасылы қолға жұққандай.

Кең алаңда
фонтандар меруерт төгіп тұр,

Көз жасын жердің
тереңнен алып шыққандай.

Колоннолар
қайратты құлдай арқалап

Салтанатты
соборды сонау Петрдың.

Тәңірілерден
тілекпен алып қолқалап

Болашаққа әкеле
жатқан секілді.

Мүлгіген кілең
әулиелер мүсіні,

Мұңлы ойларын
баяндар мұңлы көздері.

Тұрғандай түгел
дәуірін еске түсіріп,

Танитын емес
өздерінен өзгені.

Көтерердей
қабырдан қазір бастарын

Қалдықтары
қираған көне Римнің,

Сөйлетердей
кезекпен сынық тастарын

Алдында мынау
алыстан келген жиынның.

Ақын ба әлде, қайыршы
ма дарынды,-

Кенеттен біреу
әндете сарнап жөнелді.

Тындырып судай
лезде жұрттын дабыры

Тыңдатты бізге
еріксіз мына елеңді:

Б і р і н ш і     ө л е ң

Қайғы арқалап қорғасындай,

Нанға зар боп қол
басындай

Қалғандардың
жаршысымын,

Көз жастың бір
тамшысымын.

Әулиелер
мүсіндері

Секілді елес
түсімдегі.

Тұрады тек, тіл қатпайды,

Көз жасымды құрғатпайды.

Баспанасыз күйде
калдым,

Тағылыққа қайта
оралдым.

Қанша қақсам
қақпа жабық,

Жатар едім қайда
табыт?!

Е к і н ш і ө л е
ң

Қызу еді жаным қақнай,

Қызыл еді қаным
қандай.

Неге қазір
мрамордай сұрғылтпын?

Безгектеймін көп
ауырған,

Тек сүйретер
сүлдем қалған,

Шыққандаймын
тонауынан сүліктің,

Банкир мырза құйып
апты қанымды.

Қалдырыпты
шала-жансар жанымды.

Қалтыраймын ыстық
күнде,

Сарқылыпты терім
мүлде,

Таудай ауыр
түскен салмақ тезімге.

Карау үшін жол
жетпеске,

Қызығуға қол
жетпеске,

Сақталыпты көзім
ғана өзімде.

Банкир мырза
сығып апты терімді,

Қалдырыпты қансыз-сөлсіз
кенімді.

Қайда терім, қайда
қаным?

Қайтарыңдар ұрлағаның!

Деп жүрсем мен
тінтіп түнімен жарықты,

Айналдырып
байлығына

Салып темір
сандығына

Банкир мырза
кілтін берік жауыпты.

Өлтірмесем иесін
сол байлықтың,

Ала алмаймын
кілтін темір сандықтың.

Үшінші елең

Римнің рухы әлдеқашан
күйреген!

Жат аяқтар кір
балшықтай илеген.

Үрдісіміз
Европаша кәдімгі:

Банкирлерге
табынамыз,

Министрге
бағынамыз,

Жандармға
жағынамыз,

Сатыламыз, сатып
та

оңай аламыз,

Римнің рухы
әлдеқашан күйреген!

Римді сүйсең -
мені сүй!

Мен күйреген
Римнің ұлымын.

Тауды бұзған, тас
қашаған,

Қолдан құдай
жасаған,

Мраморға жан
бітірген,

Алтын күмбез
көтерген

Ұрпағымын арғы
заман құлының,

Римді сүйсең -
мені сүй!

Мен қайтадан
туған Брутпын!1

Жүрегіме кек
толтырдым өлмейтін.

Көкірегіме шоқ
толтырдым сөнбейтін,

Мұз басамын жанды
өртеген күйікке,

Көтеремін теңдік
туын биікке,

Тірілтемін
күйреген Римді бұрынғы,

Тазартамын
кірлеген Римді бүгінгі,

Мен қайтадан
туған Брутпын!

1957