ВЕРНУТЬСЯ

         Айсыз түн, тынық
алаңсыз аспан,

Тартады күңгірт
қалғыған орман.

Сездірмей жанға
аяғын басқан

Келеді жым-жырт
аңсағыш арман.

Оятты желді
ұйқысыз арман:

-Көрдің бе, қайда
сүйгенім менің?

- Естіп ем күндіз
әндерін салған,

Білмедім бірак
мекенін оның...

Аңсағыш арман
ілгері кетті,

Қайтадан жел де
ұйқыға батты.

Сол кезде бір ән
талмаурап жетті,

Жалт етіп арман
қанатын қақты.

Айсыз түн, тынық
алаңсыз аспан,

Жай ғана демін
алады орман.

Әзірдей кәзір
бастауға дастан

Сүйгенін тапқыш
ізденгіш арман.

1955