ВЕРНУТЬСЯ

          Шалдарға
күлімсіреп қарайсыңдар,

Жатыр-ау
жандарыңда талай сындар.

Әдетпен
әлпештесіп ағаларды,

Жаманын жарамдыға
балайсыңдар.

Өлең боп
алдарыңнан көп өтеді

Ойға да, күлаққа
да қолайсыздар,

Әдебін
сыйластықтың, қимастықтың

Ұқпайды ұяты жоқ
кей арсыздар.

Бірімін мен де,
інілер, сол ағаның,

Жақтырмас
жастардың сынағанын,

Тастайық, қалсын
енді сақал сату,

Құны жоқ оңай
тиген сыбағаның.

Айтыңдар ак
көңілмен әділетін,

Алыңдар таңдап
жырдың ұнағаньш.

Жасығын
жалтақтамай жасық деңдер.

Сендерден осы
менің сұрамағым.

1957