ВЕРНУТЬСЯ

          Уақыт ұшып барады
от қанатты,

Жақындатып
жырақтан болашақты.

Кәрі ойлайды
бүгінге берешекті,

Жас ойлайды
ертеңнен алашақты.

Ойламаушы аларын,
берерін де,

Салмайды көз
салмақпен келер күнге.

Отыруға ойсыз-ақ
ұялмайды,

Аямайды өлер деп
өнерін де.

1960