ВЕРНУТЬСЯ

        Торсылдағым -
торайым,

Танауыңа болайын.

Өсіруге қолымнан

Жаңа келді
орайым.

Жатырқама,
торайым -

Болмас-ты деп
қолайым.

Мал екенсің
өсімтал

Мадақтаушың
болайын.

Мойның майлы жал
екен,

Етің шырын - бал
екен,

Сені сүйген
Ғабиттің

Шын ырысы бар
екен.

Туса қозы
егізден,

Туасын сен
сегізден,

Қашатұғын казақ
па

Сегіз бенен
семізден?

Жетті қолым табысқа,

Жібермеймін алысқа.

Қайырайьін
ауылға,

Кіріп кетпей
қамысқа.

1942