ВЕРНУТЬСЯ

          (Азамат
соғысынан)

Ызғырық аяз, қара
түн,

Боранмен бірге
келеміз,

Аспанда жоқ ай,
жұлдыз,

Жарысып желмен
желеміз.

Винтовкаға мұз
қатқан

Бетті баскан ақ
қырау.

Тек суымай ыстық
қан,

Қайда дейміз
тосқан жау?

Тыңдашы, әне, жан
анам,

Жылап дауыс
береді.

«Тез жет!»- деген
зарлы үні

Суық түннен
келеді.

- Шу, жануар,
тұлпарым,

Тепсініңдер,
жолдастар!

Құтқаралық ауылды

Күлсін күткен
аналар!

Жүрдік, ұзақ түн
бойы,

Міне, ағарып атты
таң.

Разведкадан жас
жолдас

Берді хабар
жаңадан:

«Жеттік, жолдас
командир,

Ауыл жақын, жатыр
жау!

Күзетшілер аңдап
жүр,

Қадаулы тұр ақ
жалау».

Таң астында ат
қойдық,

Қалды боран
жарысқан.

Қызды қырғын, қан
майдан,

Оянды ауыл дыбыстан.

Сынға төсті
семсерлер,

Қардың бетін
басты қан...

Біз де айрылдық
қимайтын

Талай-талай жас
жаннан.

Жалындана шықты
күн,

Жусап, жайрап
жатты жау.

Көтерілді қызыл
ту,

Жатты құлап ақ
жалау.

1936