ВЕРНУТЬСЯ

          Аңғармай өз
әлімді,

Қинап босқа
жанымды;

Түсе кеттім
күреске

Көрінуге қарулы.

Алыстым да
жығылдым,

Күресуден
түңілдім.

Ақылыма қарамай,

Білерімді
санамай,

Түсе кеттім айтысқа

Түпсіз терең
данадай.

Айтыстым да ұтылдым,

Қашып әрең құтылдым.

Міндім-дағы
намысқа,

Түсе қалдым
жарысқа.

Әзір емес екенмін

Жүгіруге алысқа.

Жарыстан да
қалған мен.

Жұртқа күлкі
болған мен.

Мәңгі кәрі бір
адам

Жоқтан бар ғып құраған;

Мәңгі сәби бір
адам

Тәй, тәй басса құлаған.

Донкихоттар көп
екен

Соның бірі мен
екем,

1960