ВЕРНУТЬСЯ

          Тастақ, жол, пар
ат жеккен жеңіл арба

Барады құйындатып
күн батарда.

Жел ескен
екпінінен екі құр ат

Жарқылдар
тағалардан от шашырап.

Көңілді, божы
ұстаған жас баланың

Кешкісін
қоңырлатып салған әнін

Сүйсіне қос
жолаушы тыңдай түсіп,

Бөктерлей
Алатауды келеді ұшып.

Түсті түн,
тоқтаған жоқ қос жолаушы,

Әндетіп әлі
тынбай келеді әнші.

Құшақтап Айбаласын
тұңғыш рет,

Денесі бір
қызынып, бір тітіреп.

Айтарлық
махаббатын көп сөздердің

Аузына түсіре
алмай бірде-бірін,

Жүрегін әрең
басып жұла қашқан

Кеудесін ұстап
берік отыр Дастан.

Әдепті, әрі
ұялшақ жылқышының

Жоғарғы мектепке
кеп кірген күнін

(Тағы бір оқиғаны
ұмыттырмас)

Ескертіп айта
кету теріс болмас.

Ертемен астаналық
бар газетте

Басылып жақсы
хабар жетті көпке.

«Еңбектің үздік
шыққан батыры!» деп

Дастанға
беріліпті бірінші бет...

Оқып жүр осы күні
жігіт пен қыз,

Тағынған екеуі де
Алтын жұлдыз.

Билет ап театрға,
жақсы орынға,

Үйреніп қалды
қатар отыруға.

Айтысқа, поэзия
жөніндегі

Оған да жұбын
жазбай барды екеуі.

Айрылмай бірге
жүріп, бір тұрады,

Бір үйде - кітап
та ортақ оқылады.

Күзгі күн көк
аспаннан теккен нұрын.

Жайнатқан
астананың көшелерін.

Алтынға
жапырақтарын малып алып,

Ақ қайың, қоңыр
емен тұр ырғалып.

Осындай жақсы
күнде демалыста

Серуендеп
балалармен жүріп тыста -

Дастан мен
Айбаланы талай көрдім

Сүйсініп керген
сайын қарай бердім.

1950