ВЕРНУТЬСЯ

         Жатқан жансыз көк
теңізге

Жеңілтек жел
жетсе келіп,

Қанатымен желпіп
түнде

Азғада дем кетсе
беріп;

Таппай дамыл
күрсінеді

Толқып теңіз
көпке дейін:

Жар жағалап сұрар
желді,

Шаршап әбден...
тыншыр кейін.

Білер ме жел көк
теңіздің

Күрсінумен
шыдағанын,

Берер ме жел
көктен іздің

«Сүй» деп тағы сұрағанын.

1936