ВЕРНУТЬСЯ

          Кетті отарбам,
кетті зымырап дүрілдеп

Жұртты оятқан
тәтті ұйқыдан гүрілдеп.

Белдер асып,

Шөлдер асып,

Көлдер асып,

Өтіп барад
тауды-тасты емдеп.

Ішінде ың-жың ыңылдаған
дауыс бар,

Зарланады, күңреніп
кей дауыстар.

Сан шаттықтың,

Сан бақыттың

Ішінде

Күйінетін,
күңіренетін кім олар?

Қайғылы

Бұлар кім?

Касіретті

Мұнша тым!

Кейбірі

Жатыр жым...

Кейінде

Әлсіз үн...

Сұр жыландар,
бұлар елді шаққандар

Күні кеше ақ
патшаға жаққандар.

Шекпен киіп,

Шен тағынып,

Басын иіп

Шен-шекпенге
еңбекші елді сатқандар.

Болыс, молда
бұлар елді билеген,

Датқа, билер
еңбек атын сүймеген.

Байлық асып,

Майға сасып,

Шалқып тасып,

Жалшыларды қамырдай-ақ
илеген.

Қонысынан
аударылып айдалып,

Қалды енді арам
ырыс байланып,

Аһ ұрады,

Қайғырады,

Ыңранады,

Жата алмайды
отарбада жайланып.

Айда, отарба,
заула қатты зуылдап,

Еңіресін
кайғылылар шуылдап,

Кұрт апарып,

«Елсіз жерге»

«Сусыз шөлге»

Тазалансын арамыздан
шуылдақ.

Сар дала

Жайнасын.

Еңбек бір

айнасын,

Коллектив

Сайлансын,

Жауыздар

Айдалсын.

1928