ВЕРНУТЬСЯ

         Есімде жоқ шын
суреті

Әкем менің қандай
кісі.,

Тек елестей
бұлдырайды

Әлдекімнің
көлеңкесі.

Айлы, салқын,
мөлдір түнде

Жатсам терең ойға
кетіп,

Есіне алып өткендерді

Сөйлер шешем
әңгіме етіп.

Мейрімді әке
ыстық леппен

Сүйіп мені құмарлана,

Артық құрмет
еткен екен

Болғаннан соң
жалғыз бала.

Көміліпті көрпе
астына

Бір күндері
шаншулатып.

Бейне жапырақ
сарғайыпты

Сол жатқаннан ұзақ
жатып.

Жатып маған
қарайды екен,

Түпсіз терең ойға
батып.

Үнсіз ғана
жылайды екен,

Көзінен жас
моншақтатып.

Айтса шешем
осыларды,

Болған кезде үй
кеңесі,

Тек елестей
бұлдырайды

Әлдекімнің
көлеңкесі.

II

Суық түнде ойнап
боран,

Күздің желі
күңіреніпті.

От шашылып
найзағайдан,

Әлем үрей түрге
еніпті.

Жел артынан
жаңбыр жауып,

Жердің бетін сел
көміпті.

Көзінен жас көл
боп ағып,

Жас анамды шер
көміпті.

Жалғыз шырақ
іргедегі,

Күңгірттенсе,
бітіп майы,

Майсыз шамдай
әлсірепті,

Бөпесінің
көкетайы...

«Балам...» депті
соңғы сөзі,

Тіл қатпапты одан
басқа.

Жұмылыпты екі көзі,

Қайтып маған
қарамасқа.

Жатыппын мен
тәтті ұйқыда

Жас көкемнің
сезбей жайын.

Жарамаппын
қоштасуға

Өлім... деген жоқ
уайым.

Суық желді қара
түнде

Кіріп ажал біздің
үйге,

Көп ауырган әлсіз
жанды

Кеткен орап ақ
кебінге.

Солдырыпты балғын
гүлді,

Сөндіріпті жанған
шамды,

Күйзелдіріп күнәсізді
-

Аңратыпты жас
анамды.

Жас келіншек
жансыз жарын

Құшақтапты,
тұншығыпты,

Бетіне ешкім су
сеппепті;

Көптен кейін күн
шығыпты.

Айтса шешем
осыларды

Болған кезде үй
кеңесі,

Тек елестей
бұлдырайды

Әлде кімнің
келеңкесі.

III

Жылдар еткен...
Жас баламын

Жасым онға жеткен
жаңа,

Жалғыз шешем, мен
ғанамын,

Үйімізде
оңашада...

Келген емес арнап
қонақ,

Шақырмапты бізді
жаңа.

Айт пенен той
етеді аулақ,

Қайғырмаймын оған
бола.

Өзім үшін ең
қуаныш:

Жыламаса шешем
налып,

Кез алдымнан
кетпей алыс

Жатса мұңсыз
қасына алып.

Кейде шешем
жыламайды,

Отырады үйде
бірге.

Сүйіп мені
аймалайды,

Сүйсінемін келсе
тілге.

Әлде қандай кең
берікті

Сандығынан алып
анам,

Басыма әкеп
кигізеді,

Қадалады қарап
маған.

-        Кімнің бөркі басымдағы?

Қашты неге
бетіңнен қан?

Жыламашы, қорқам
тағы,

Жыламашы, апеке
жан...

«Көзі емес пе
кекешіңнің..,»

Десе дауысы
дірілдейді.

Көк күйгендей
алса демін,

Тек сыртынан
білінбейді.

Апашымның
күрсінгені,

Әлі есімде сол күндегі,

Шақырады жаз, деп
мені

Сонда жанын жеген
жегі.

IV

Бұпра сақал,
бурыл шашты,

Тыңнан таныс
болды бір шал,

Әңгімеге тым
ықласты,

Тақпақтайды айтып
мақал.

Көп сөзіне түсінбеймін,

Астарлайды
әлденені...

Бұл не қылған
кісі, деймін

Білгіш сонша
әңгімені.

Кейде сипап
маңдайымнан,

Күлімдейді карап
маған.

-        Мінгіземін жорға тайға,

Ерсең маған,
болсаң балам...

Дәрменім жоқ тіл
қатарлық,

Тек шешеме
жалтақтаймын.

Елестейді кезіне
анық

Ерттелгені жорға
тайдың...

Батқанша күн
шалдың сөзі,

Қуанышым болды
менің;

Батқан соң күн,
шалдың сөзі

Жүрегімнін, басты
желін.

Жаттым жалғыз түн
қойнында,

Келер қашан жан
апашым?..

Жастығымды көмді
мұңға

Көзден аққан
ыстық жасым...

V

Жат ауылдан
келген адам,

Жүрегіме салды
жара.

Күлімсіреп десе
«балам».,.

Қысыламын таппай
шара.

Кетер едім безіп
жалғыз,

Жапан кезген
желмен бірге,

Бірақ шешем
сағынғанда,

«Жұлдызым» деп
айтар кімге?..

Бурыл шашты,
бұйра сақал

Кешікпеді көп
ойланып,

Шықты қонып:
ертемен шал

Өз аулына жөнелді
алып.

Астындағы жүрдек
күрең,

Аяңдаса көсем
басып,

Біз мінгеннен боз
інген де

Тербеледі қатарласып.

Тоқтар емес
жүрдек күрең,

Жетелейді көсем
басып.

Мойнын бұрып
қарады әрең

Шешем маған түсі
қашып.

Менен де әрі
салды көзін

«Қош, сәулешім...
ақтерегім...»

Естімедім басқа
сөзін,

Дертке толды
көкірегім.

Ақ теректің дәл түбінде,

Жер қойнында
жатыр көкем.

Жат адаммен
кеттік бірге,

Қайғымызды білді
ме екен?..

Шаңдатып біз
жолдың бойын,

Алыстадық, қалды
бәрі...

Жалғыз терек көпке
дейін

Көзін бізден
айырмады.

VI

Жат ауылға жеттік
келіп,

Алды қарсы жат
адамдар.

Қарап маған
тесірейіп,

Таңданады жас
балалар.

Қолға түскен
көжектейін,

Қалтыраймын
түршігіп жан.

Қашуға да тұрмын
бейім,

Қайда және кімге
барам?

Келте құйрық ақ
төбет те

Таппай тыным,
тыста журіп,

Шығарғандай бізді
шетке

Саңқ-саңқ етіп
қояды үріп.

Түс көріппін түні
бойы,

Алыстаппыз...
қалды бәрі.

Жалғыз терек
кепке дейін

Көзін бізден
айырмады.

«Қайда, қайда
кеттің?»- дейді,

Құрдастарым бірге
ойнаған,

Таныс иттер
еркелейді

Тастап жүрмін
бәріне нан.

VII

Өтті күндер, өтті
түндер,

Ойда талай іздер
қалды.

Тырнап жанды
қотыр тілдер

Шерге талай шер
жамалды.

Күлдіргіштер
қутыңдаған,

Керсетуге
өткірлігін,

Қу кездерін қадап
маған

Кеңілдене
сөйлейтұғын.

«Киімімен туған
бала»,-

Десе бәрі ду
күлісіп,

Жөнелемін жалғыз
ғана

Сол күлкіден
зәрем ұшып.

Отырайын десем
үйде,

Жұрт жиналған
жерге бармай,

Күндес шешем күн
бермейді

Шашып зәрін оқ
жыландай.

Тартудан да тіл
азабын,

Күнасыздан мазақ
еткен.

Рахат еді бір
болғаным

Үйреніскен ақ
төбетпен.

Кетер едім безіп
жалғыз,

Жапан кезген
желмен бірге,

Бірақ шешем
сағынғанда,

«Жұлдызым» деп
айтар кімге?

VIII

Жаншылған жан,
жас толған көз

Көрді бәрін, көнді-көнді...

Желмен бірге
жеткендей тез

Елге жаңа хабар
келді.

Бір күн шешем
керші үйден кеп,

Сүйді мені қысып
қатты.

«Тыңда, менің
жұлдызым»,- деп

Қуанышпен әңгіме
айтты:

- Қалада жұрт
керген анық

Арнап келген
Ленин ерді.

Жарылқапты жинап
алып,

Күлкі болған
жетімдерді.

Сен де, балам,
қалаға жет,

Кездес тауып сол
Ленинді.

Саған-дағы берсін
кемек

Айт осылай
сәлемімді.

Қос көзімнен
кезек сүйіп,

Ертіп шығып салды
жолға.

Жолмен жалғыз
кеттім жөнеп,

Жетіп ерте,
жолығуға.

Қар да құйды
жапалақтап,

Тоқтамастан
бастым алға.

Тұңғыш ізім бақыт
қуған

Тұнғыш жауған
түсті қарға.

1939