ВЕРНУТЬСЯ

         Қазанда сарқ-сұрқ
қайнайды темір,

Жалаңаш қолмен
көсейміз отты.

Темірден қуат
алады өмір

Қорлайды жаулар
қуаты жоқты.

Қ а й ы р м а с
ы:

Айда, темірші,
лаулат жалынды,

Тасқын дариядай
ағыз темірді!

Біздің Ұлы Отан
темір құрсанған,

Болсын өмірлі,
болсын көңілді!

Қазанда сарқ-сұрқ
қайнайды темір

Дамылсыз тынбай
көсейміз отты.

Темірден қанат
тағады өмір,

Таппайды жаулар
қанаты жоқты.

Қазанда сарқ-сұрқ
қайнайды темір,

Дауылдай желмен
үрлейміз отты.

Темірден қуат
табады өмір

Сыйлайды жаулар
темірі кепті.

1957