ВЕРНУТЬСЯ

          Лапылдап барып
өшті күн,

Таусылған тұсы ед
айдын да.

Қоңырта келіп
қонды түн

Жарқырап жатқан
айдынға.

Қалт етпей

қалдым мен тыста

Жанымды желге
жайдым да.

Көздерін ашты
маяктар

Қараңғы түнек
қойнында.

Қиялға кірді
қозғаулар,

Жұлдызы жанды ойдың
да.

Келеміз Грецияның

Ертектер өскен
орнында:

Көргендей болам
бейнесін

Жыр айтқан Гомер
шалдың да,

Лирамен алтын
әндетіп

Аполлон кетті
алдымда

Келеді ғажап
Геркулес

Зәресін алған
таудың да.

Атады Зевс
нажағай

Қарғалған жанға
қауымында.

Бұза алмай темір
бүғауын

Ұйыған кегі
бауырында.

Қаһарлы жатыр
Прометей

Кеудесі толы
зар-мұңға...

Көзімнен өтті көп
сурет

Қиялға бөгіп
қалдым да.

Байқамай қаппын
бозарған

Сілемін атар
таңның да...

Қара түн батты теңізге,

Жайылды жарық
жайдары.

Шығыстан басын
көтерді

Ерке күн алтын
айдарлы.

Есімді жидым,
ояндым,

Ертектер ешті
ойдағы.

Кемеден күнге
карайды,

Елімнің қызыл
байрағы.

Жүгірді көзім
алысқа,

Аралдар қанша
алдағы.

Тереңнен өскен
жартастар

Секілді батыр
найзалы.

Сақтана басып
тұрғандай

Пиренейге барар
жолдарды.

Аралдар қандай
аралдар,

Қараудан көзім
талмайды.

Осындай сұлу дүниеге

Сұмдықтар неге
орнайды!

Ерліктің бойын қан
басып,

Жүрегін жаншып
соқ, қайғы.

Арманда кеткен
жандарды

Акындар неге
толғайды?!

Алдыңда тағы арал
бар,

Аялдап соған қараңдар.

Аралды берік
қоршаған

Құрсаулы темір
араңдар.

Түрме тұр ана
баурайда,

Кетерген қара
жалаулар,

Осынау тамұқ
ішінде

Ыңырсу, өксу,
жылау бар:

Тұншығып әрең
сылдырлар

Аяқта, қолда
бұғаулар.

Осында күнін
батырған

Жарыққа талай құмарлар.

Осында демін ақырғы

Алыпты не бір
қырандар...

Әнеки, Никос
Белоянис'-1

Арқалап ауыр
шынжырды,

Көтеріп бойын қарады

Көзінен сүртіп
бұлдырды

Алдынан өтті
болашақ,

Шұбырта бастап
жүз жылы.

Ұрпағын көрді тым
нұрлы,

Отанын көрді тым
нұрлы.

Содан соң жерден
үзіп ап

Нәп-нәзік, ақшыл
бір гүлді,

Ойына кенет
түсірді

Сол гүлді сүйген
бұлбұлды...

Жаңғыртты мылтық
сол кезде

Теңізді, тауды,
үңгірді.

Талдыра қойды
лезде

Шынжырдан шыққан
сылдырды.

Түсті де қолдан
аппақ гүл

Боялып қанға
үлгірді.

Аралдан алдық ащы
ойлар

Ауырлап кетті
кемеміз.

Теңізде емес,
қайғыда

Жүзгендей болып
келеміз.

Сыңсып бір қалса
шағала,

Суынып демде
денеміз.

Никостың жанын
көргендей

Жалтақтап қарай
береміз...

Алдымда жатыр
теңіздер,

Алдымда жатыр
аралдар.

Әлі көп алда
сұмдықтар

Түршігіп жаным
алаңдар.

Осы бір тұста
көңілмен

Оралсам елге, жараңдар,

Никос Белоянис -
Греция жұмысшы

Табының атақты қаһарманы,

Алдымда тұра қалады

Тұтасқан алтын
аралар:

Әнеки - Қазақстаным,

Әнеки - Алтай,
Оралдар!

Жап-жана дүние тұр
жайнап,

Жайтандап жана
адамдар.

Жанымнан үрей
серпілді,

Жарқ ете қалды жаңа
ойлар.

1955