ВЕРНУТЬСЯ

          І-сцена

         Жазғы түн. Қолына
фонарь ұстаған кемпір келеді.

К е м п і р

Қайда кетті екен
жоғалғыр?

Тым болмаса маған
тыным берсе еді.

Айтқан тілді алса
еді.

Уһ, жолы қайда
жаңағы?

(Еқкейіп аяғының
астына қарайды.)

Жеңіл пальтосын
қарына ілген шляпалы жігіт қарсы кез-

деседі. Екеуі де
кідіреді.

Ж і г і т

Жол болсын, шеше?

К е м п і р

Жоқшымын. Өзің
кімсің, жас жігіт?

ЖІгіт

Ақынмын

Айдан асты мен шыққалы
каладан,

Аралап келем
алтын бесік даламды.

Малшыларға
түстенем,

Егіншіге қонамын.

Бұл маңайда
кырман ніоқ па, әжетай?

К е м п і р

Төңірегіц толы
кып-қызыл қырман

Жолаушыға
келмейді екен сияғың.

Атың кайда, арбаң
кайда?

Қоржының мен
дорбаң кайда, шырағым?

Ж і г і т

Бәрін де, әжетай,

Тастап кеттім
анау тұрған қыстакка.

Біраз жүріп бой
жазуға шығып ем.

К е м п і р

Ақынмын де, жақсы
екен.

Күлдіргішпісің,
жылатқышпысың,

қайсысы?

Жігіт күліп)

Екеуіне де
бірдеймін

Қайсысын қалар
едіңіз?

К е м п і р

Әуелі жоғымды
тауып алайын.

Жігіт

Түртінектеп түнде
қайдан табасыз,

Ертең ерте
іздемейсіз бе, жарықта.

К е м п і р

Жарыққа жетпей назым
боп кетсе қайтемін?

Жігіт

Жылқы ма еді,
сиыр ма еді жоғықыз?

К е м п і р

Алдынан келсең
сүзеді,

Артынан барсаң
тебеді,

Ондай жануар
түспеді ме көзіңе?

Ж і г і т

Сүзеген мен
тебегенге

Жүй қоймас ешкім
де.

Егер тілімді
алсаңыз,

Қазір әуре
болмаңыз.

К е м п і р

Іздегенім қаусап
тұрған кәрі еді,

Тым болмаса
ертерек сүйегін жинап

алайын.

Ж і г і т
(күледі)

Дұрыс, дұрыс.
Шалыңыз ба еді

жоғыңыз?

К е м п і р

Дәл өзі.

Жігіт

Атай кесір екен
де.

К е м п і р

Атама, балам,
атама.

Кесір мінез
жастағы

Қалмайды екен
қартықта,

Жігіт

Жастағы оты
өшпесе,

Кәрілік оған не
қылсын

Жүріңіз, әже,

Думан сүйер
тарланды

Бірге іздейік
қосылып.

К е м п і р

Әуре болма,
шырағым

Қажет емес
кесірдің

Қанатына су
бүркетін жәрдемші.

(Кетуге
айналады).

Ж і г і т

Қате айтасыз,
әжетай (ұстап)

Ең болмаса бір
ауыз сөз тыңдаңыз.

Жастың бәрі бір
емес,

Қарттың бәрі бір
емес...

К е м п і р

Жетті, жетті. Оны
өзім де білемін.

Ж і гі т (бөгеп).

Сөнер отқа
тамызық,

Сүрінер қартқа
таяныш керек емес пе?

Кемпір (беліп].

Сексенге келсен
селкілдеп,

Жылында емес,
күнде түлер боларсыц.

Ет біткен соң,
тозған терің пана емес,

Әр сүйегің әр
сайда қалсын демесең,

Ондай жаста тыңдау
керек лөктірді.

Жігіт

Доктор не дейді,-
әжетай?

Ке м п і р

«Аяз, әліңді біл,
құмырысқа, жолыңды біл»,

Сексенге келдің
желікпе,

Тыраң еткің
келмесе,

Жаныңды күт, жылы
оран,- дейді.

Түсіндің бе,
жолаушым?

Жігіт

Тұсіндім, шеше,
түсіндім.

К е м п і р

Ендеше мені
бөгеме

(кетеді)

Ж і г іт

(Кемпір кеткен
жаққа ойлана қарап тұр)

Осынша шымыр
кемпірі

Шалы қандай
десеңші?

Сексенге кепті-ау
жарықтық.

Я сабырсыз
елгезек,

Я қайратты бір сұмдық,

Екінің бірі
әйтеуір.

Әйтпесе шалы
қашып үйінен,

Кемпірі түнде
іздей ме?

(Күліп)

Өжет әже табады
іздеп асауын,

Жастан тастап
шеберленген

Бұғалығын
тастайды,

Ал асау ата,
бұлқынады, тулайды,

Екі кұшті
жекпе-жекке түседі.

Жеңер екен
қайсысы?

Не де болса өз
көзіммен көрейін.

Бақылайын
сырттарынан екеуін.

(Жүгіре
жөнеледіі,

ІІ-Сцена

Қырман басы
қызылданған астық. Жылы киінген, берік буынған қарт кәрі серігі - шиті мылтығын
құшақтап, жан- тайып жатыр. Қарт елең етіп басын көтеріп алады, бірдеңені

көргісі келгендей
сығырая қарайды,

Ш а л

Бұл не жарық
болды екен?

Тұп-тура маған
беттеп келеді.

Я басқарма, я
хатшы,

Я ауданның өкілі.

Пысығын қарашы
шіркіннің.

«Өлмелі шал
жатқан шығар тырайып,

Ұйқысын түнде
бүзайық,

Ермек болар
келемежге», дескен ғой.

Е, десең деңдер,
келіңдер,

Шал кім екен,
көріңдер.

Сендерді ме,
бәлем!

Фонарь көтерген
адам жақындайды. Жарығы да көріяеді.

Жүрісі қалай байғұстың?

Малтыққандай
ылайға

Әрең басады аяғын

Әлде жұтқан біреу
ме?

Ей, тоқта! Кімсің
өзің?

Ке мпір
(кідіріп}.

Өзің кімсің?

III а л (өзіне).

Ұрды кұдай,
біздің кемпір.

(Дауысын өзгерте
түсіп)

Күзетшімін. Кім
де болсаң жуыма.

Жақындасаң
атамын.

К е м п і р

Ендеше мылтығынды
оқтай бер

Кемпір ат та,
мерген атан, күзетші,

(Тағы жүреді)

Ш а л (өзіне).

Біздің кесір
өстеді.

(Жекіп)

Токта! Тоқта
деймін мен саған!

Керегінді айт
әуелі.

Кемпір (өзіне).

Қалай, даусы
таныс сияқты ма озінің?

"(Жақындап)

Қай баласың,
шырағым?

Ш а л (шегініп).

Құртты-ау, мына
қу кемпір,

(Дауыстап)

Айдарлымын.

К е м п і р

Танымадым,
қалқашым,

Сырттан келген
жастардың бірімісің?

Шал

Алматыдан келген
ем.

К е м п і р
(сабанның шетіне отыра кетеді).

Уһ, тынығайыншы
азырақ.

Алматыдан келдім
де.

Жақсы қала дейді
ғой жарықтық, рас па?

III а л

Рас-рас.

Осы кезде
караңдап көрінген жігіт сабаннын бір шетіне

еқбектей кеп
тығылады.

К е м п і р

Тұңғышымыз сонда
тұрады, шырағым,

Келініміз қандай
әйбәт, жақсы жан.

Жыл кұрғатпай
келіп-кетіп тұрады,

Келген сайын
өзімен бірге әкетпек болады,

Әйтеуір бір сәті
түспей келеді.

Шал

Жолда жүріп-тұруға

Өзіңіз кырсау
шығарсыз.

Әйтпесе, мына
тұрған жер емес пе Алматы?

К е м п і р

Айтуға оңай,
сәулешім,

Мен сияқты өлмелі
шал күзетсең,

Көрер едім
күшіңді.

Шал

Шалы құрсын.

К е м п і р
(шошып).

Астапыралда

Әкең барма,
шырағым...

Шал

Бар еді бір кесір
әкем,

Биыл ғана
кұтылдым.

К е м п і р

Басыңа келсін, жүгермек!

Немене, өзің
тұншықтырдың ба?

Шал

О да ойымда бар
еді.

Құдай оңдап
қылжия қапты бір күзі,

К е м п і р
(Орнынан тұрады),

Тіпай-тіпай пәлекет!

III а л

Әр нәрсенің мөлшері
бар емес пс?

К е м п і р

Тыңдамаймын
сезіңді?

Шал

Қартайғанда
ауыздан тіс кетеді,

Буындардан
қалтырап күш кетеді.

Қас пен кірпік күйгендей
қуарады,

Екі көздің
жарығын су алады.

Қою жесең
қақаласың.

Сұйық ішсең
шашаласың.

Кемпір қажыды
десе,

Келін алжыды,-
дейді,

Жақсы ойың ұғымсыз
болады.

Жақсы сөзің жұғымсыз
болады.

Мұндай күйге
түскеннен

Өлген артық емес
пе?

К е м п і р

Сен жас емес, сұмдық
шығарсың!

Тілің қандай ащы
еді.

Кез келген соң
жүзіңді көре кетейін.

Шамын көтеріп
қасқая қарап тұрған күзетшінің бетіне үңіледі. Шалын
таниды.

Шал.

Ұнаймын ба,
кемпірім?

К е м п і р

Бәсе, бәсе, сөз
саптауың таныс еді.

Басын қылтың
еткізіп жігіт те көрініп қалады.

Иә, айта бер,
тыңдайын

Неден қаштың? Не
іздедің? Не таптың?

Шал

Төктір менен сен
екеуің қашқаным,

іздегенім жас
шағым.

Үйден кеттім,
соны таптым, кемпірім.

Кем пір

Ендеше маған да
қарас олжаңнан,

Табысыңнан бөліп
бер.

(Қолын созады),

Жігіт (өзіне].

Қысты шешей,
жағасына жабысты.

Шал

Онда екеуміз
қылшылдаған жас едік,

Осындай бір жазғы
түнде

Қызық тойдан
қайтқанбыз,

Қосылып өлең
айтқанбыз...

Кемпір

Қойшы арман,
қайдағыңды қозғамай,

Соның бәрі есте
қалды деймісің

Ш а л (ойын
бөлмей)

Сонда да осы
Есекқырған

Тап осындай жарық
еді,

Тап осындай жақын
еді.

Ж і г і т
(өзіне).

Мәссаған, енді
астрономға айналды,

К е м п ір

Жұлдыз болса
жастығым деп тапқаның,

Алыс екен ол әлі.

Одан да, шалым,
үйге жүр.

Дәріден күт
дәрменді,

Төсектен ізде
рақат.

Ш а л

Жо... жоқ, атама.

Дәрінді де
татпаймын,

Төсекке де
жатпаймын.

(Ауыр күрсініп).

Әйнек жабық, есік
берік...

Күндіз күнсіз,
түнде жарық жүлдызсыз

Оңашадан
қорқамын.

Ондай да рақат
болар ма?..

Ал, қалауыңша, ал
кемпірім.

Кемпірінің созған
қолынан ұстап, өзіне тартып алади,

Көремісің,
қарашы.

К е м п і р

 Нені дейсің?

Шал

Аспанды,
ай-жұлдызды,

Айналаны, кең
даланы деймін де.

Жігіт (өзіне).

Мен білсем
ақынның зоры осы қарт.

К е м п і р

Көріп тұрмын.

Шал

Бойыңды жаз,
дұрыстап қара, байғұсым,

(Қолын нұсқап}.

Әнеки, баяғы
Үркер, сол күй!

Анау тұрған Ақбоз
ат пен Көкбоз ат,

Ортадағы
Темірқазық айнымас-

К е м п і р
(еріксіз елігіп),

О, жарықтықтар...

Ал мынау ше...
жарқыраған қайсысы еді?

Есекқырған емес
пе?

Шал

Дәл өзі.

Атын қойып
Есекқырған,

Мұны да қазақ
өсек қылған.

(Екеуі жарыса
күледі).

Есіңде ме,
кемпірім...

К е м п і р

Қорыққаны несі, қу
шұнақ!

Сенімен бірге
бөрі қамар деймісің?

Шал

Бөрі де бір,
күшік те бір қолда өскен

Одан адам қорқа
ма?

К е м п і р

Е, енді неден
қорқасың?

Шал

Жалғыздықтан...
жалғыздықтан қорқамын.

К е м п і р

Сен жынданған
шығарсың.

Ш а л (ойын
бөлмей).

Төсек тарту,
жалғыз калу,

Кең дүниеден шет
қағылу

Тірлік емес,
кемпірім.

Ж і г і т

Айтқаныңыз аталы
сез, ақсақал.

(Орнынан тұрады).

Шал

Әй, тоқта!

Сені қашан
шақырып ем билікке,

Жаратайын ба
өзіңді?!

Басынан асырып
атып калған, жігіт құлап

Ке м п і р

Құрттың, қу
шұнақ, құрттың!

Құлаған адамға
ұмтылмақ болады.

Шал оны
жібермейді,

Ш а л

Абыржыма,
кемпірім.

Ж і г і т (басын
сәл көтеріп).

Өлдім, ата,
жәрдем ет.

Ш а л

Кел дедім ғой мен
саған

Әйтпесе шындап
атамын.

Жігіт

Тұрайын, ата (Тұрып
келеді).

Шал

Тыцшымысың,
сыншымысың, қай қусың?

ЖІГІТ

Оларыңның бірі де
емен, әкежан.

Қастарына келеді.
Кемпір фонарын көтеріп үңіледі,

таниды.

К е м п і р

Е, сен бе едің,
шырағым.

Маған ерме демеп
пе ем?!

Ж і г і т

Кешіріңіз, әжетай.

Кемпір (еріне).

Алматыдан келіпті

Ақыны ма, артісі
ме, бірдеңе.

Жігіт

Түнде әжеме
көмекші

болармын деп еріп
ем.

Есіткен соң атам
айтқан сөздерді

Арбалып қаппын,
кете алмай.

Шал

Онда, шырақ,
ессізден емес екенсің

Шын ұнатсаң
сөзімді,

Енді саған көрсетейін
өзімді.

Карашы кәне нұсқама.

Кемпірдің фонарын
алып өз бетін көрсетеді.

Дұрыстап қара,
танып айт.

Жатайын ба
қамауында кемпірдің?

Жоқ әлде орным
бар ма тірлікте?

Ж і г і т (Шал
жүзіне қуана қарайды),

О, ғажайып,
таң-тамаша ғажайып!

К е м п і р (нұқып
қалады).

Бос сөзді қой,
жас жігіт,

Бұлтақтамай
шынынды айт. (Құлағына).

Есіңде ме, не деп
едім мен саған?

Қанатына су
буркуші керек емес демеп пе ем?!

Жігіт

Есімде екен...
кешірініз, әжетай

"(Шалға
қарап),

- әрине, жас
емессіз, қария,

Қаны тамған жүзінен,

Шал

Оны өзім де
білемін.

К е м п і р

Мұндай сөзді
ұнатпайды біздің шал

Ж і г і т
(бөгелмей).

Әжіміңіз сондай
кеп

Соқа жыртқан бір
өңірдей бетіңіз.

Сақал күйген,
мұрт қуарған,

Өткір тістер орны
қалған,

Қас та, шаш та
тоналған,

Кәдімгі қарттың
суреті.

Шал

Жетті, жетті,
тоқтат енді!

Фонарды кемпіріне
қайта береді,

К е м п і р

Айта түс, балам,
аяма!

Фонарьды налының
бетіне қайта көгереді

«Орның үйде
кемпіріңнің қасында»

Дегенді де
жасырма,

Жігіт

Кешіріңіз, айта
алмаймын олай деп.

Ке м пір

Неге?

Жігіт

Соққан желден,
шайған селден

Тасқа да әжім
түседі,

Биік шыңдар
жасамай ма сонда да?

Ке м п і р

Құлпырады-ақ
екенсің!

Жігіт

Әжетай!

Кәрі бүркіт
тұғырында сілкінсе,

Көк зеңгерін
көксегені емес пе?

Кәрі тарлан
байлауында бұлқынса,

Той дүбірін
аңсағаны емес пе?

Көріп тұрмын:
сырты тозған атамның

Кеудесінде
лапылдаған от жатыр,

Жүрегінде сарқылмаған
күш жатыр

Оны айтпасам,
әділ қазы болмас ем.

Ш а л

Міне, сөз осы.
Аңғарып қал, кемпірім.

К е м п і р

Олай десең мен де
отырдым жайғасып.

(Отыра кетеді).

Ұшшы кәне, кәрі
бүркіт

Жүгірші кәне,
кәрі жүйрік, көрейін!

Көкірек байғұс
текірек қағады,

Күресуге дәрмен
жоқ

Ал мынадай жас
жігіттер еріккен

Көтеремді ермекке
айналдырады.

Ұят қайда, балам,
ұят?

Жігіт

Мен шын айттым,
сеніңіз.

К е м п і р

Жоқ, қалқашым,
сенбеймін.

О, суыған күл от
емес,

Тозған кәрі күш
емес.

Бізге енді
аспаннан көрі жер жақын.

Қабыр жақын,
шырағым,

Соны неге
айтпадың?

Ж ігіт

Түу, қайда тартып
кеттіңіз...

К е м п і р

Біздің сапар -
бөлек сапар, жарқыным,

Келіппіз жарық
дүниеге

Керіппіз қызығымызды...

Күліп те болдық
кезінде,

Қайғыны да
көтердік...

Ендігі базар -
жаңа адамдар базары.

(Шалына бұрылып).

Ал, сен шал бар
ғой,

Саудыраған
сүйегіңді үйде үста,

Ажалыңды да үйден
күт,

Оралғы болма
аяғына өзгенің,

Менің сөзім осы.
Кетемін.

Келген жағына
қайта беттейді. Қалған екеуініқ көзі

кемпірде.

Жігіт

Жүрініз, ата,
демейін.

Ш а л

Жоқ, жүрмеймін.

К е м п і р (ұзамай
бұрылып).

Кәрі тұлпар, кәрі
бүркіт!

Жүрмеуші ме ең
менімен!

Ш а л

Апарарың қабыр
болса бармаймын.

К е м п і р

Сайтан боп кет
ендеше! (Кетеді)

Жігіт

Апырм-ай, әжем
қандай қатал еді!

Ша л

Ол сондай жан,
қарғашым...

Ал сен мені сүйер
болсаң жолаушым,

Қалжырамай, осы
арада қүламай

Аяғымнан тік
басып тұратындай сүйейсің.

Жігіт

Оныңызға да әзірмін.

Ш а л (ойланып).

Кәрі өлерін, жас
қаларын,

Заманын жас
басқарарын

Мен өзім де
білемін...

Мені туған
әке-шешем

Көмілгелі не
заман!

Не көрді солар
осынша кең жалғаннан?

Ж і г і т

Иә, не көрді...

Ш а л

Құйынын корді,
сағымын керді жапанның,

Жылжымайтын еңбек
керді,

Жел жүгірткен қаңбак
көрді.

Шілде түссе, су
іздеді.

Ақпан келсе, ық
іздеді,

Сонымен өтті
дүниеден...

Қабырлары
қосаяқтың ініне,

Қорқаулардың
апанына айналды.

Дала атанған
жалпақта

Иемсініп біз
қалдық.

Жігіт

Жақсы ие келді
дүниеге

Сіздер, ата,
Ленинменен қосылып

Революңия туын
көтердіңіздер.

Ш а л

Ол емес менің
айтарым.

Жігіт

Кешіріңіз,
ойыңызды бөлмейін.

Ш а л

Жасай түскім,
көре бергім,

Күшті ұрпаққа ере
бергім келеді.

Далаларды
көгерткен,

Дарияларды
бөгеген

Құдіретті қию
оңай ма?

Жігіт

Әрине, ата.

Шал

Есінде болсын,
шырағым.

Адамзатты
жерітетін тірліктен

Үш қана нәрсе
болғаны.

Ж і г і т

Атаңызшы соларды.

Ш а л

Мұратсыздық,
үмітсіздік, әлсіздік.

1956